Тренд: гүлді принт

Тренд: гүлді принт

Гүлді жейделер мен көйлектерге көктемдік гардеробтың төрінен орын тиесілі. Осы маусымда да бұл жайдары тренд сәнді саналады. Гүлді тенденцияны басқа киіммен қалай үйлестіріп кию керектігін біліп жүріңіз.

Аксессуарлардан бастаңыз


Шұбар көйлектер мен ала жейделер киюге батылыңыз жетпесе, ұсақ-түйектерден бастаңыз. Жеңіл орамалдар, сөмкелер мен гүлді белдіктер, осы стильдегі әшекей бұйымдарды күнделікті киіммен үйлестіруге болады.

Шектен шықпаңыз


Келбетіңізді тым көп гүлдермен жүктемеңіз. Гүлді принт пен басқа ұсақ-түйектерді үйлестіре біліңіз. Гүлдер қарапайым пішілген киімдерде әдемі көрінеді. Ала гүлдер бейнеңіздегі жалғыз көзге түсерлік элемент болсын. Гүлді суреттер қара, ақ, ашық түстердің бетінде жақсы көрінеді.

Тәжірибе жасаудан қорықпаңыз

Гүлді сөмке әркімнен көре аласыз, ал сіз өз бейнеңізді қайталанбастай жасаңыз. Мысалға гүлді (бірақ тым жарқын түсті емес, тым үлкен емес) жейде мен белдемшені бірге киіңіз. Әрине бұл кезде сөмке мен аксессуарлар бейтарап болуы тиіс. Ал гүлді көйлекті бір түсті жакетпен үйлестіріп көріңіз. Сондай-ақ, гүлді жеңіл жейделер көк деним джинсымен жақсы жарасады.

Бірден бәрі

Гүлді киім мен гүлді аксессуарларды жарастырып көріңіз. Әрине бұл тәжірибе өте қауіпті, шектен шығып кетуіңіз де әбден мүмкін. Бірақ осылайша талғамыңызды жаттықтыра аласыз.

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: womansite.org, fashionblogger.ru

С. А