- Негізгі бет
- Сән
- Тренд: Геометриялық тақа...
Тренд: Геометриялық тақа
Куб, пирамида, цилиндр... Геометриядағы терминдер есіңізге түсті ме? Сән әлемінің негізін құрайтын атаулардың арасында бұл терминдердің болуы заңдылық. Ерекше тақа дайындауға дизайнерлер пішіндерді қолдануға болатынын көрсеткен. Олай болса, елестетіңіз, жұмысқа шар өкшелі туфлимен келдіңіз.
Мұндай трендті қолға алған Симон-Порт Жакмюс Англия патшайымы Елизавета ІІ-ге өкшесі шар пішінді аяқ киім дайындаған. Осыдан кейін геометрия Prada, Burberry, Dior және Zara, H&M маркаларында пайда бола бастады.
Мұндай үлгі күнделік қарапайым образды әрлендіре түседі. Сонымен қатар, Cult Gaiа үлгісіндегідей каблук орнына бамбук қолданса, тіпті ерекше көрінеді.
Ал бұл модельді салтанатты кеште ғана емес, кеңселік образдармен байланыстырып киюге болады.
Қарапайым джинс шалбарымен, ақ базалық күртемен, тотал костюммен және шілтерлі атлас көйлектермен әдемі жарасады. Қолайлығы жағынан қам жемесеңіз болады, кәдімгі аяқ киім секілді ыңғайлы болары сөзсіз.
Г. Берік