Жаз мезгіліне арналған круизді топтама ұсынатын сән апталықтары жуырда ғана аяқталғаны барша сәнсүйер қауымға мәлім.
Барлық беделді сән үйі ұсынған жаңа топтамаларды сараптай келе, алдағы уақыттағы мастхэв, яғни, сәнді көріну үшін міндетті түрде алынуы тиіс заттардың тізімін жасау соншалық қиын шаруа емес. Және олардың бірегейі туралы алдыңғы мақалаларда жазған болатынбыз.
Сондай трендтегі аксессуардың бірі – фуражка. Оны бейсболка немесе басқа да спорттық бас киімдермен шатастырудың қажеті жоқ. Нақты суретте көріп тұрған нұсқа қазіргі уақытта нағыз сәнді бас киім.
Бұл фуражканы жейде немесе шалбар сынды көп жағдайда ер адамдар киетін киімдермен үйлестірген әдемі көрінеді. Яғни, сән терминімен айтсақ, маскулинді киімдермен жарасып кетеді. Олардың қатарында, пиджак, джинс кеудешелер де бар.