- Негізгі бет
- Сән
- Тренд: Багет сөмке...
Тренд: Багет сөмке сәнге қайта оралды
Фото:
vk.com
Өткен жылы атақты сән үйлері культті өнімдерін қайта шығаруды қолға алды. Оған Dior Saddle Bag пен Fendi Baguette мысал бола алады. Бұл екі сөмке де 90-жылдары пайда болған еді.
Багет сөмкелерді Каролин Бессет-Кеннеди мен Кейт Мосс сынды сән иконаларымен қатар, Дженнифер Энистон сынды Голливуд жұлдыздары да тастамай алып жүретін.
Қазір мұндай сөмкелерді жас қыздардың кумирі болып үлгерген апалы-сіңлілі Белла мен Джиджи Хадидтер де ұстап жүр. Әсіресе, Bottega Veneta ұсынған бірнеше үлгідегі багет стритстайл суреттерден түспеді. Шын қалаған адам мұндай сөмкелерді люкс брендтерден де, масс-маркеттен де табады.
А. Оралқызы