Тренчтің тарихы шамамен екі ғасыр бұрын басталған, бірақ ол күні бүгінге дейін сән әлемінде өз өзектілігін жоғалтпай келеді. Әскерилердің гардеробынан келген тренч классикалық стиль мен әсемдіктің бір үлгісі іспеттес.
Классикалық тренч милитари стиліне жатады. Милитари өз кезегінде ыңғайлылығы мен қолайлылығының арқасында қарапайым адамдардың арасында өте танымал. Бастапқыда плащ Бірінші дүниежүзілік соғыста ағылшын әскері үшін ойлап табылған болатын – ол сарбаздарды терең орда суық пен жаңбырдан қорғаған (аты да осыдан шыққан — ағыл. «trench» — ор).
Тренч ағылшындық "Burberry" сән үйінің қол тумасы деген пікір бар. Расында 1901 жылы Томас Бёрберри ең алғаш оны габардин матадан (оны да өзі ойлап тапқан) тіккен болатын. Алайда көптеген сән тарихшылары оны алғаш шығарған "Aquascutum" компаниясы деп есептейді – олардың ең бірінші тренчы 1850 жылдары шыққан. Қалай болғанда да дәл Burberry-дің торлы астары бар сарғыш плащы көптеген жыл бойы классикалық тренчтің үлгісі саналып келеді.
Тренч қарапайым адамдардың гардеробына тек бірнеше жылдан кейін бір-ақ енді. Бастапқыда ерлер киімі саналғанымен, жылдар өте әйелдерге бейімделген үлгілері де пайда бола бастады.
1944 жыл
1963 жыл
Марлен Дитрих
Джейн Биркин
Мэрил Стрип
Катрин Денев
Кэри Грант
Брижит Бардо
Одри Хепберн
Софи Лорен
Жаклин Кеннеди
ХХ ғасырдың басынан және күні бүгінге дейін тренч сәннің ажырамас бір бөлігі болып келеді. Тренч классикасының түзу пішімін, түсі мен декорын өзгертуге талпынған басқа дизайнерлердің өнімдері Burberry-ге тойтарыс бере алмай келеді. Тренч жыл сайын қандайда бір өзгеріске ұшыраса да, ол әрдайым сәнде және мәңгілік классика болып қалары анық.
Тренч "Burberry" сән үйінің өзіндік бренді болып қалыптасты. Тіпті "Burberry" тренчтеріне арнайы сайт ашқан. Әр сәнқой қыз тренчті немен үйлестіріп жүргендігін суретке түсіріп, сайтқа жариялай алады.
Алекса Чанг
Кейт Миддлтон
Бірнеше жыл бойы Burberry-дің беті болған Эмма Уотсон
Көше сәні
Сурет: vev.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина