Той көйлегін таңдау

Қалыңдық көйлегін таңдау - әр арудың арманы. Cебебі, қалыңдық тойға дайындықты алдымен той көйлегін таңдаудан бастайды. Ең атаулы күні ең әдемі қалыңдық болу үшін той көйлегін дұрыс таңдауға кеңес береміз.

Осы туралы neke.kz сайты қызықты ақпарат жариялапты.

  

Жыл сайын әр маусымға сәйкес әлем дизайнерлері қалыңдық қалауына қарай сан түрлі қалыңдық көйлектерін ұсынып келеді. Олардың мақсаты - қалыңдықтың атаулы күні өзін ең сұлу қалыңдық ретінде сезінуіне ықпал ету, оның әдемілігін айқын көрсететін көйлектерді ұсыну. Қазір неке көйлектері тек ақ түсті ғана емес, сонымен қатар қара, қызыл, күлгін, сүт түсті сияқты болып келеді. Қалыңдық көйлегін дұрыс таңдау үшін алдымен өз дене бітіміңіздің қай типке жататынын анықтап алуыңыз керек. 

1- Құмсағат: жоғары жағы мен бөксе жағы бірдей, белі қиылып айқын білінетін дене бітім түрі. Идеал дене бітімі десе де болады.

2- Алмұрт немесе жоғары қараған үшбұрыш: бөксе жағы үлкен болып, жоғарғы жағы кішкене болып келуі.

3- Алма немесе төменге қараған үшбұрыш: иықтары мен кеудесі ірі болып, бөксе жақтың кіші болуы.

4-Тік төртбұрыш: дене бітімі бір қалыпты бірдей, белі де айқындалмаған дене бітімі.

5- Дөңгелек: бұл да тік төртбұрыш болып келген дене бітіміне ұқсас, бірақ толық дене бітімі.

Дене бітіміңіздің қай типке жататынын анықтап алғаннан кейін, той көйлегін таңдау аса қиындық тудырмайды. 

1. «Ампир» стилі

 2. А-силуэт

3. Балға киетін көйлек

  

 4. «Су перісі» көйлегі немесе Годе көйлектері

  

5. Қысқа етек көйлек

 

6. Ұлттық нақыштағы той көйлегі


Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова

Дереккөз: neke.kz