Белдемшелер – дресс-код ұстанатын мекемелердің міндетті бұйымы. Олардың шкафтағы саны, сонымен қатар түсі мен пішімі университет ережелерінің қатаң заңдарына тікелей байланысты. Нағыз сәнқой қыз үшін қатаң дресс-код – кедергі емес, керісінше сәнді киім сатып алуға тамаша мүмкіндік. Егер ережені бұзбай, сәнді киінуді қаласаң, біздің үздік 10-дықты тамашалауға шақырамыз.
Бүрмелі, қыртысты, клеш немесе қарындаш. Бүгінде белдемшелердің әр түрін кездестіруге болады. Егер мини-белдемшені таңдайтын болсаңыз, онда оны қалыңырақ колготкамен және байсалды, үсті жабық киіммен киген жөн. Mango белгісінде 60-шы жылдар стиліндегі тоқ сары белдемше немесе Asos-тың спорттық белдемшесіне назар аудар. Егер бұл үлгілер тым ашық көрінсе, People мен P.A.R.O.S.H. үлгілеріне назар аударуды ұсынамыз. Ең ұтымды нұсқа – Vivetta ұсынған белдемше.
Белдемше, Milly, 19 000 тг.
Белдемше, Topshop, 10 260 тг.
Белдемше, Vivetta, 69 500 тг.
Белдемше, River Island, 5 000 тг.
Белдемше, Mango, 12 500 тг.
Белдемше, Asos, 4850 тг.
Белдемше, Marks and Spencer, 15 000 тг.
Белдемше, People, 7 000 тг.
Белдемше, Oasis, 12 500 тг.
Белдемше, P.A.R.O.S.H., 80 700 тг.
Дайындаған: Анар Мұстафина
Сурет: ellegirl.ru