Бас киім – қыс мезгілінің басты аксессуарларының бірі. Және қыздардың көбі өздеріне жарасатын бас киім таңдай алмағандықтан суық күнде бас киімсіз жүруді әдетке айналдырады. Бірақ бұл денсаулыққа қаншалықты зиян екені айтпаса да түсінікті. Сонымен қатар, дизайнерлер бүгінде бас киімдердің түр-түрін шығарып, әр қыздың талғамына сай ұсынуға тырысады. Таңда да, киіп жүре бер. Біз бүгін танымал жұлдыздардың мысалында түрлі бас киім үлгілерін ұсынбақпыз.
Рэйчел МакАдамс (Rachel McAdams) қыша түстес бас киімді таңдаған екен. Қою-сары түс актрисаның сары шаштарымен және сұр толстовкасымен керемет үйлесіп тұр.
41 жастағы актриса Тина Фей (Tina Fay) бұрымша және шашағы бар тоқылған ерекше бас киімді киюден тайсалмады. Мұндай бас киім көңілді көтеріп қана қоймай, суықтан да мықты қорғайды.
Джессика Бил (Jessica Biel) тоқылған көлемді бас киіп таңдап, таралмаған шаштарын жасырып қойыпты. Бірақ бұл да актрисаға өзінше сән беріп тұрғандай.
Кира Найтли (Keira Knightley) преппи стилін қалайды екен. Қысқа шашына сай көлемді берет таңдап, бір бұрым шашын сыртқа шығарып, әсем көрінеді.
Рэйчел МакАдамс сияқты Рэйчел Билсон (Rachel Bilson) да шағын ашық түсті бас киімді таңдапты. Көк түсті күртеше мен көзілдірігі қою қызыл бас киімімен тамаша үйлесім тапқан.
Кепи – Гвен Стефанидің (Gwen Stefani) сүйікті бас киімдерінің бірі. Біздің аязды қысымызға бұл бас киім жарамайтын да шығар, алайда осы үлгіде қалыңырақ бас киімдер таңдауға ешкім кедергі болмайды ғой.
Кең жиекті шляпаның арқасында Эван Рейчел Вуд (Evan Rachel Wood) биязы ретро-бейне жасап шығарды. Мұндай образ жасауға мойынында үлкен банты бар қою қызыл былғары көйлек көмектескен.
Фиби Прайс (Phoebe Price) сияқты панданың басын елестететін аң терісінен жасалған бас киім киіп алсаңыз, елдің назары сізде болары анық. Алайда, қыстың ызғарлы күнінде мұндай бас киім таптырмас құрал. Басыңыз да жылы, көңіліңіз де көтеріңкі, әрі сәнді көрінесіз.
Виктория Бекхэм (Victoria Beckham) көбіне классикалық үлгіде киінетіні мәлім. Алайда тоқылған қара бас киім, авиатор-көзілдірік пен былғары күртеше киіп, ол гранж стилінде де жүре алатындығын көрсетті.
Сәнгер Рейчел Зое (Rachel Zoe) қолаң шашын бас киімнің астына тығып қоймай, жайып жүруді шешіпті. Басы да жылы, шашы да көркем, басқа не керек?
Сурет: wday.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина