Ал сіз тек төменгі кірпіктерге арналған тушьтың бар екендігін білесіз бе?
Танымал Clinique косметикалық марка жаңа Bottom Lash Mascara тушын ұсынды. Бұл тушь тек төменгі кірпіктерді бояуға арналған екен.
Clinique мамандары арнайы кішкентай жаққышты жобалап жасады. Оның көмегімен төменгі кішкентай кірпіктерді бояй аласыз. Тушьтың құрамы оған 24 сағат бойы қатып тұруға мүмкіндік беріп, ыстық пен суыққа шыдап, үгітіліп кетпейді.
Тушьты жасаған мамандар онымен тек төменгі кірпіктерді бояп, жоғарғы кірпіктерге басқа кез келген тушьты қолдануға кеңес береді.
Тушь әдемі күміс түстес ыдыста сырты гүлдермен сәнделіп жасалған. Тушь алдағы наурызда сатылымға шығады деп жоспарлануда.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: cosmo.com.ua