Толық аяқты жасыратын киімдер

Толық аяқ – көп қыз үшін шешілмейтін мәселе болып келеді. Пішіннің бұл «ерекшелігін» киіммен жасыруға да, ал кейде керісінше айқындап алуға да болады. Бар мәселе сіздің киім таңдай алу қасиетіңіз бен шеберлігіңізге байланысты. Бұл тұрғыда сізге төмендегі кеңестермен көмектесіп көруге тырысамыз. Осылайша, толық аяқтар – ешкім білмейтін, тек сіздің құпияңыз болып қалады.

Белдемшелер мен көйлектер

Ұзындығы тізеден сәл түсіп тұрғатын және жамбас тұсынан кең болып пішілген белдемшелерді таңдауға тырысқан жөн. Қаусырмалы белдемшелер – ең ұтымды нұсқа. Сонымен қатар, «қоңырау» типтегі белдемшелер мен горфирленген, бүрмелі белдемшелер толық аяқты жақсы жасырады.

Шалбарлар

Шалбарлардың жамбас тұсы кең, төменге қарай тарыла түсетін үлгілерін таңдаған жөн. Қырлы шалбарлар да сырт көзге аяқты жіңішке етіп көрсетеді.

Белдемше де, көйлек те, шалбар да денеге жабысып тұрмауы керек, сонымен қатар тым кең болмағаны да дұрыс, ең ұтымды нұсқа – жартылай жабысып тұрғаны.

Аяқ киім

Аяқ киім таңдағанда өкшесі жалпақ, жерге нық тұратынын таңдаңыз, бұл жағдайда «шпилька» туфлилер толық бейнеңізге сай келмейді.

Сонымен қатар, қара түсті аяқ киімдер, киімдер аяғыңыз бен жамбасыңыздың толықтығын біраз жасырады, ал ашық түстер, әсіресе жылы түстер керісінше үлкейтіп көрсетеді. Бірақ бұл әрдайым қара түсті киім киіп жүру керек дегеннің белгісі емес, антрацит, ащы шоколад, қою жасыл, қою көк, қаражидек түстеріне басымдық берсеңіз – ұтасыз.

Жылтыр маталардан (атлас, жылтыр жібек, люрекс), ауқымды, қалың маталардан, клеткалы, бұршақты, гүлді, геометриялы принті бар маталардан да бас тартыңыз — бұлар сырт көзге бейнеңізді толық етіп көрсетеді.

Сәтсіз үлгілер:

Алисия Кис бұл тұрғыда сәтсіз үлгі көрсетуде, аяқтары толық бола тұра мұндай ұзындықтағы белдемше кимеген жөн.

Ашық түсті киімдер керісінше кемшілігіңізді айқындайды

Екі үлгі де сәтсіз таңдалған киім болып табылады. Бірінші суретте қыз өзінің аяқтарына назарды түсіреді, екінші суретте қара колготкі таңдағандықтан назар аяққа түседі. Бұл ретте түссіз колготка таңдаған дұрыс болар еді.

Сәтті үлгілер:

Кең шалбарлар мен бір түсті киімдер де толықтықты біраз жасырады.

Макси көйлектер мен белдемшелер де ұтымды нұсқа. Тек жаңбас тұсынан кең болғаны жөн.

Толық аяқтарды әдемі кардиганмен жасыра аласыз. Жұрт назары бірден аяқтарыңызға емес, әдемі кардиганға түседі. Сонымен қатар, кардиган бейнеңізге бизялық пен көркемдік сыйлайды.

Сурет: fashiony.ru, imperiya-mody.ru

Дайындаған: Анар Мұстафина

Оқи отырыңыз:

Жіңішке аяқты жасыратын киімдер