Ханитта «Минт» Фасаенг есімді ару "Miss Uncensored News Thailand 2015" ұлттық сұлулар байқауында бас жүлдені жеңіп алып, "Мисс" тәжін тағады. Марапаттау рәсімі өте салысымен бойжеткен туған өлкесіне жол тартып, өмір бойы қоқыс тазалаушы болып жұмыс істеп келген анасының аяғына жығылған. Осылайша қыз анасына деген шексіз құрметін білдірген.
Минттің айтуынша, ол ешқашан анасының жұмысы үшін ұялған емес. "Анам да, мен де нанымызды адал еңбекпен табамыз, не үшін ұялуым керек?", - дейді қыз журналистерге берген сұхбатында.
Минт кедейліктің азабын бір кісідей тартқан. Мектеп бітірген соң, қаражат тапшылығына байланысты колледжде оқи алмаған. Әкесі мен шешесі ажырасқан қыз бір үзім нан таба алмай қиналған күндерін еске алды.
Қоқыс тазалаушы болып жұмыс істесе де, қызын жеңімпаз етіп тәрбиелеген ананың күш-қуатына күллі әлем таңырқады.