- Негізгі бет
- Сән
- Тамыз айының басты...
Тамыз айының басты 5 тренді
Жаңа маусымның басталуына да бір-ақ ай қалды. Өтіп бара жатқан ыстық трендтерді киіп үлгеріп қал.
Пейсли принті
Бұл маусымда дизайнерлер подиумға танымал «түрік қияры» өрнегін қайта шығарды. Прейсли принтін деним және кроссовкамен үйлестіре отырып, спорттық стиль жасауға да болады.
Жакет, Monsoon; топ, Befree; көйлек, Zolla; орамал Naf Naf; туфли, Marino Fabiani; DKNY, көктем-жаз 2014
«Банан» сөмкесі
90-шы жылдардан тағы бір сәлем! Басты ерекшелік – бұл жазда дизайнерлер сөмкенің декорына назар аударуға кеңес береді: ірі принттер, страздар, логотиптер, пайеткалар – бәрі қолданыста! «Банан» сөмкесі қонымды көйлек немесе белі жоғары орналасқан шалбармен жарасымды.
Сағат тілі бойынша: Joyrich; Asos; Moschino; Marni; New Bark
Биік платформалы аяқ киім
Биік платформалы аяқ киім тобығы жіңішке қыздарға жарасады. Осы маусымда аса сәнді биркенштоктарға назар аудар: олар өз орнын Tommy Hilfiger, Helmut Lang, MSGM, Givenchy топтамаларынан тапты, сонымен қатар street style сәнқойларының аяғынан.
Marni көрсетілімі, көктем-жаз 2014. Жоғарыдан төмен: Mango; Karl Lagerfeld; Roberto Del Carlo; Bershka; Fendi
Комбинаторика
Бірдей принтті бірнеше киімді бір бейнеде үйлестір. Маусым хиті: ұсақ шұбар принт. Көзді бұлдыратпас үшін принттің бір түсімен сәйкес немесе барынша бейтарап аксессуар таңда.
J. Crew; Escada; Luisa Cerano
Бермуд шортысы
Офистік нұсқа – біртүсті шортылар және он сантиметрден аласа болмайтын биік өкше. Жарқын тропикалық принт пен жолақты үлгілерді өзіңмен демалысқа ала бар.
Сағат тілі бойынша: Debenhams; Concept Club; Finn Flare; Max Mara Weekend; Marc Jacobs
Сурет: cosmo.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina