Тамыз айында киім сатып аларда жақсылап ойланған жөн. Жазғы киімдерге арналған жеңілдіктерге қызығып сатып алаңыз, олардың алдағы уақытта қажет болмай қалуы әбден мүмкін. Сондықтан ақшаңызды үнемдеп, жаздың соңында және күздің ортасына дейін киюге болатын киімдерді қараңыз. Төменде күзде де киіп қалуыңыз мүмкін бірнеше киімді ұсынамыз.
Былғары шәркей (шлепанцы)
Былғары шәркейді жаздың соңына дейін және қыркүйек айында да кие аласыз. Мұндай шәркейді күзде де кию үшін оның қара түсін алған жөн.
Көлемді свитер
Көлемді свитерді жаздың кешкілік мерзімінде ақ шалбармен кисеңіз, күзде былғары немесе джинс шалбармен киюге көшесіз. Мұндай свитерді алдағы күзде де қыста да батыл кие аласыз.
Ерекше клатч
Жаз сезімін сәл созу үшін жазды еске түсіретін деталі бар клатч таңдаңыз. Мұндай клатчты күзде көлемді шарфпен және былғары күртемен үйлестіруге болады.
Ашық түсті кроссовка
Егер ақ түсті кроссовка алсаңыз, оны күзде кие алмай қалуыңыз мүмкін. Сондықтан ақ түстен басқа түсті таңдаңыз. Егер ашық әрі ерекше түсті кроссовка таңдасаңыз, күздің жаңбырлы күндері көңіл күйіңізді көтеретіні анық.
Джинс күртесі
Джинс күртені жаз мезгілінде және күз айында сыртқы киім ретінде біраз уақытқа дейін кие аласыз. Биыл сәнде джинс күртенің көлемді түрлері екенін ұмытпаңыз және түрлі ашық түсті суреттері бар түрлері кеңінен тарап жатыр.