- Негізгі бет
- Сән
- Тағам кейпінде жасалған...
Тағам кейпінде жасалған сырғалар
Алтынның ағы мен сарысынан, күмістен жасалған сырғалар сәннен әлдеқайда шығып қалған. Бүгін сәнқой қыздар полимерлік саз балшықтан жасалған әшекейлер тағып жүр. Ол сырғалар суши, пицца, өзге де тәтті тағамдардың кейпінде жасалған. Бұл әшекейлерді израильдік аспаз шебері Шай Аарон жасады. Ең таңдаулыларын назарларыңызға ұсынамыз.
Shay Aaron ұсынған Тако сырғасы
Роллге ұқсатып жасалған сырға
Мұндай бұйымдарды Шай Аарон бала күндерінен жасайтын болған. Ол 2004 жылға дейін музыкалық аспаптарда ойнап, артынша полимерлік саз балшықтан бұйымдар жасап үйренген. Ең алғаш шұжыққа ұқсас сырғалар жасаған болатын, кейін одан өзге күрделі тағамдарға ұқсасын жасайтын болды.
Shay Aaron ұсынған сэндвич сырға
Shay Aaron ұсынған балмұздақ сырға
Мұндай сырғаларды жасамас бұрын қуыршақ ойыншықтарға арналған тағамдар жасаған. Ал сол әдіспен сырға жасап көруді әпкелері ұсынған екен.
Хот-догқа ұқсас сырға
Тәтті бәлішке ұқсас сырға
Торт сырғасы
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: rumbur.ru
Қ. Бүйенбай