Көптеген табысқа қол жеткізген адамдар сәннен хабардар бола бермейді. Олар әр уақыт бірдей үлгіде киінген соң кейде сынның астында қалып жатады. Дегенмен, олар өз таңдауын өзгертпек емес. Неге?
Жеңіл шешім:
Адам таңдау жасар сәтте оның ойы сан жаққа жүгіреді. Яғни, моральды түрде шаршайды. Сонымен қатар, белгілі бір шешімнен соң «өзге нұсқа әлдеқайда жақсы еді» деген ой қалады.
Ал, онсызда күнделікті өмірің қиын шешімдерге арнайтын табысты адамдар үшін киім таңдау жеңіл болғаны дұрыс.
Уақыт үнемдеу:
Біз қолдана бермейтін артық заттардың қаншалықты қиындық тудыратынын біле бермейміз. Олардан құтылған бойда еркіндікті сезінеміз.Соның ішінде уақытты тиімді пайдаланып үйренеміз. Таңдау жасау барысында уақыт жоғалтатынымызды ескерсек, біз көп нәрседен ұтыламыз.
Күйзелістен арылу:
Статистикаға сүйенсек, адамдардың көпшілігі шағын күйзелісті таңғы уақытта сезінеді. Ұйқыңыз қанбайды, дайын таңғы ас жоқ. Ал, сәйкес келетін киім таппасаңыз көңіл-күйіңіз одан әрі бұзылатыны анық.
Шоппингті қызықты іс дейтіндерге де таңқаламыз. Өйткені, шоппинг барысында шаршайсыз, әрі өзіңіге ұнаған затты алуға мүмкіндігіңіз болмаса жабырқап қаласыз.
Толыққанды сезімдерді бастан кешу:
Адам кейде өзіне сыни көзқараспен қарай бастайды. Кейін киіміне бола өзің толыққанды еркін сезіне алмайды.Жеңіл киімдер адамға еркіндік сыйлайды.
Танымал стиль:
Адамдардың барлығы қарапайымдылықты жақсы көреді. Оны мойындағымыз келмейді, бірақ солай. Біз ұлы адамдарды киіміне қарап аңғарамыз. Мейлі, шүберек иесі туралы анық мәлімет бермесе де, олар бізді баурап ала алады.
Иә, әдемі болып жүру үшін киіміңіз қазіргі трендке сәйкес болу керек. Адамдар орташа есеппен киімге, әшекейге көп ақша құртады. Киім сатып ала отырып, сіз өзге мүмкіндіктерден айырылып қаласыз.
Тозығы жеткен соң еден жуатын немесе қоқыс жәшігінен орын табатын шүберекке бола ақша құртқанша, уақыттар ағымында өзінің деректілігін жоғалтпайтын кітап сатып алыңыз!