Бүгін біз сіздерге «Fashion & Nature» жобасының аясында таңғажайып табиғат құбылыстары мен қарасаң көз тоймайтын пейзаждардан шабыт алған ерекше топтаманы ұсынамыз.
Міне, нағыз сән – осы! «Адам көркі – шүберек» деген рас екен-ау. Табиғаттың әсем құбылыстарын өн бойына сыйдырған мына туындылардан шынайы өмір суреттерін көруге болады. Топтамада әйелге тән нәзіктік те, табиғатқа тән сұлулық та, сәнге тән ерекшелік те бар. Табиғат пен талғамның үйлескен көрінісін осы көйлектерден көре аламыз.
Күн көзінің ұясына батқаны, мұңсыз мұхит суы, ашулы жанартау, поляр түні, найзағайлы жауын – мұның бәрін сәнгерлер мата мен бояудың бойынан табудың да сырын біледі екен. Әрине, бәрі де мата, қайшы және ине-жіптің құдіреті ғана емес. Мұндай туындылар шығармашылыққа жанын бергендерден ғана шығады.
Әдемі әйелдер әдемі көйлекпен. Бұдан асқан сұлулық бар ма?
Сурет: fit4brain.com