- Негізгі бет
- Сән
- Сіз қандай сатып...
Сіз қандай сатып алушысыз?
Сіз қандай сатып алушысыз: эмоциональді, рациональді немесе бейтарап. Сауда жасау – біздің өміріміздің бір бөлшегі. Кейбіреулер арнайы мақсатпен шоппингке шықса, ал енді біреулер үшін бұл уақыт өткізу мен көңіл көтерудің бір түрі ғана. Ал енді біреуі үшін бұл жай ғана ақша шашудың тиімді жолы. Психологтар сатып алушылардың бірнеше түрі барын айтады. Олар эмоциональді, рациональді немесе енжар сатып алушылар болып үш топқа бөлінеді. Осы жазба арқылы сіз де өзіңіздің қандай сатып алушы екендігіңізді анықтайсыз.
Эмоциональді сатып алушылар
Көбіне мұндай сатып алушыларды әйелдер қауымы құрайды. Олар көбіне дүкен аралауды арнайы алдын-ала жоспарламай, кенеттен саудаға кірісіп кетеді. Мұндай сатып алушылар бір зат сатып алмаса да жай дүкен аралап жүргеннің өзінен рахат алады. Эмоциональді сатып алушылар ақшаға және жоспарланбаған шығынға жеңіл қарайды. Бұлай дүкен аралаудың бір кемшілігі – қаржылық шығын. Сонымен қатар шығынға ұшырып қана қоймай, керексіз заттармен киім сөресін толтыра береді. Олар дүкен заттарын ойланбастан ала берген сайын көптеген сапасыз заттарға жолығып жатады. Мұндай қылықтан арылудың ең тиімді жолы – ойланбастан алған заттарыңызды интернет арқылы сату немесе таныстарыңызға сату болып табылады.
Рациональді сатып алушылар
Рациональді сатып алушылар сауданы саналы түрде жасайды. Ол өзіне керек дүниені сатып алу үшін уақытты да, ақшаны да және күшті де тиімді жұмсай біледі. Олар эмоцияға беріліп көзіне ілінген дүниесін ала салмайды. Сонымен қатар олар кез келген затқа көзсіз ғашық болмайды. Олар үшін саудадағы ең маңызды нәрсе – тиімді баға және зат сапасы. Рациональді сатып алушылар да дүкен аралауды жақсы көреді. Олар бір тауарды алмас бұрын оның интернеттегі бағасымен салыстырып, мың ойланып толғанады.
Бейтарап сатып алушылар
Бейтарап сатып алушылар амалдың жоқтығынан дүкен аралауға шығады. Олар үшін басты мақсат – іздеген тауарын табу ғана. Олар дүкен аралап уақыт кетіргеннен интернет дүкендерден сауда жасағанды жақсы көреді.
Ал сіз қай топқа жатасыз?
Сурет: massaget.kz
Ұқсас жазба:
Жеңілдіктер мен жаппай сатылымдар жайлы бірер сөз
А. Әбілхан