Сырт киім мен маусымдық аяқ киім — күз-қыс гардеробының негізін құраушылар. Қыздар таңдаудың көптігінен қандай аяқ киімді пальтомен немесе былғары күрткемен үйлестіру керегін білмей қалып жатады. Сізге де бұл проблема таныс болса, төмендегі кеңестерге көз жүгіртіңіз.
Базалық пальто мен дөрекі бәтеңке
Бұл маусымда брутализм трендте. Мысалы, стилистер сұр түсті базалық оверсайз пальтоны қара классикалық шалбар, водолазка және көлемді шоппермен үйлестіруге кеңес береді. Киім үлгісі барынша ыңғайлы болуы үшін оны табаны массивті аяқ киіммен толықтыр. Мысалы: челси немесе бауы бар етік. Сондай-ақ қонышы ұзын резеңке етіктер осы маусымда да өз өзектілігін жоғалтқан жоқ. Ол да брутализм стиліне келеді. Онымен киім үлгісі стильді бола түседі және оны жаңбырлы немесе ылғал ауа райында киюге өте ыңғайлы.
Акцентті пальто және оның түсіне сәйкес келетін аяқ киім
Егер күзге торлы немесе жолақты принті бар акцентті пальто таңдасаңыз, оны сол түсті немесе қарама-қарсы түсті аяқ киіммен үйлестіріңіз. Ол трендтегі казаки немесе ұзын қонышты етік, былғарыдан немесе қатты матадан тігілген кроссовка болуы мүмкін.
Егер пальтоңыз қоңыр және жасыл түстерден болса, аяқ киім осы түстердегі немесе қара, қоңыр болуы мүмкін.
Көлемді мамық күрткелер мен массивті аяқ киімдер
Егер сәнді стреотиптерді бұзатын сәнқойлар қатарынан болсаңыз, мамық күрткені биік өкшелі аяқ киімдермен үйлестіріңіз. Бұл әдісті өзіндік ерекше стилі бар Белла Хадид пен Рианна жиі қолданады. Бірақ егер күнделікті ыңғайлы киім үлгісін жасағыңыз келсе, көлемді мамық күрткені массивті аяқ киіммен киіңіз.
Былғары күртке мен классикалық кеды немесе лофер
Маусымдық гардеробты былғары күрткесіз елестету мүмкін емес. Бұл маусымда оның ұзындығы санға дейін жететін және денеге бос тұратын түрлері трендте болады. Олар капюшоны бар жайлы худилермен де, классикалық водолазкалармен де жақсы тұрады. Киім үлгісі стильді көріну үшін былғары күрткені кедымен киген дұрыс. Кедыдің кішкене қонышы бар түрі болса да жақсы. Ал егер классикалық киімдерді ұнатсаңыз, лоферлерге мән беріңіз. Лоферді шалбарлармен де, көйлектермен де оңай үйлестіре аласыз. Киім үлгісін ерекше ету үшін және жылыну үшін лоферді ұзын қара немесе ақ шұлықпен киюге болады.
Сырмалы күртке мен винтаж стиліндегі кроссовка
Егер винтаж сәніне деген тренд көңіліңізден шықса, осы күзде сырмалы күрткелерге мән беріңіз. Оны өзін сырт киім ретінде және пальтоның немесе тренчтің ішінен киюге болады. Қандай болмасын сырмалы күртке таңдасаңыз да, оны винтаж стиліндегі кроссовка жақсы толықтырады.
Классикалық тренч және балетка (лофер)
Базалық қара немесе сарғыш тренчпен лофер аяқ киімі немесе балеткалар жақсы үйлеседі. Алайда классикалық тренчті спорттық үлгіде де кие бере аласыз.