- Негізгі бет
- Сән
- Сымбатты етіп көрсететін...
Сымбатты етіп көрсететін киімді таңдау құпиялары
Дене пішініндегі кез келген артықшылықты айқындап, кез келген кемшілікті жасыруға болады. Сымбатты көріну үшін қалай киіну керек деген сұрақ туады. Ендеше, визуалды түрде сымбатты ететін және дене пішінін түзетуге көмектесетін құпияларды ұсынамыз.
1. Тік және қиғаш жолақтар
Киімде тік немесе қиғаш жолақтардың, тігінен орналасқан ілгектердің болуы және алды ашық тұратын кез келген сыртқы киім дене пішініңізді сымбатты көрсетуге көмектеседі.
2. Бір түсті киім
Бір түсті гаммадағы киімдерді үйлестіруге тырысыңыз. Ол бір реңкті киімдер немесе бір-біріне жақын бір түстің реңктері болуы мүмкін. Монохромды киімдер сымбатты көрсетуімен қатар, соңғы жылдары сәнге айналып жатыр.
3. Қою түстер
Қара түсті киімдер денені сымбатты көрсететінін барлығымыз білеміз. Себебі қара түстер жарықты жұтады, нәтижесінде қара заттар, сонымен қатар, киім де визуалды түрде кішірек көрінеді.
4. V-бейнелі ойығы бар киім
Егер денеңіздің жоғарғы бөлігін созғыңыз келсе, V-бейнелі ойығы бар киім таңдаған жөн. Сонымен қатар, мұндай ойық мойынды ұзартады.
5. Балағы ұзын шалбар
Балағы ұзын шалбарды өкшесі бар аяқ киіммен кисеңіз, ол визуалды түрде бойды ұзартып, денені сымбатты көрсетеді. Мұндай шалбардың қазір сәнге айналған түрі – клеш шалбарды таңдауға болады.
6. Қаусырмалы киім
Қаусырмалы көйлек пен жейде кез келген әйелге жарасады. Ол қаусырманың себебінен тік сызық жасағандықтан, денені сымбатты етеді.
7. Бүрмеленген белдемше
Бүрмеленген белдемше де денені ұзартып, сымбатты етеді. Оның үстіне ол – 2018 жылдың көктем-жаз мерзіміндегі сәнді киімдердің бірі.
8. Өкшесі бар аяқ киім
Әрине, бұл – ең тиімді әрі қарапайым әдіс. Күнде өте биік аяқ киіммен жүру мүмкін емес. Сондықтан, ыңғайлы орташа немесе кішігірім болса да аяқ киімнің өкшесі болған жөн.
9. Киім өлшемі
Киім өлшемі маңызды рөл атқарады. Өте қатты жабысып тұратын немесе өте кең тұратын киім таңдаудың қажеті жоқ. Сіз бен киімнің арасында аздап ауа болуы керек. Сол кезде өзіңізді еркін және сенімді сезінесіз.
А. Жапатова