- Негізгі бет
- Сән
- Сүрме щеткаларын дұрыс...
Сүрме щеткаларын дұрыс таңдай аласыз ба?
Жоғарыдағы суретте көрсетілген сүрменің щеткалары түрлі қызмет ақтарады. Ендеше, олардың "қасиетін" білуге тырысайық.
Бірінші нөмірлі щеткамен ұзын және орташа кірпіктерді бояу керек. Ол кірпікке көлем береді.
Ал екінші, төртінші және алтыншы шеткалармен барлық кірпіктерді бояуға бола береді. Қысқа болса да, ұзын болса да, тіпті сирек болса да... Тек сүрмені таңдар алдында, оның қалыңдығана назар аударып алғаныңыз жөн. Өйткені щетканың қалыңдығымен кірпіктің қалыңдығы сәйкес келуі керек.
Бесінші нөмірлі щетканың үш түрлі "қасиеті" бар. Оны кірпікке көлем беру үшін де, ұзарту үшін де, тіпті қайыру үшін де қолдануға болды. Әсіресе қысқа кірпікті қыздар, осындай щеткасы бар сүрмелерді таңдаңыздар.
Жетінші нөмірлі щетка күндізгі табиғи макяж үшін таптырмайды.
Сегізінші нөмірлі щетка кірпікке әрі көлем береді, әрі жақсы қайырады. Қысқы кірпіктерді ұзарту үшін де қолдануға болады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: facebook.com
А. Әбілхан