- Негізгі бет
- Сән
- Суретке түсу: қол...
Суретке түсу: қол қалпы
Суретке түсу кезінде қолыңызды қалай ұстау керектігіне көп ойлансаңыз, төмендегі кеңестердің сізге пайдасы тиюі әбден мүмкін.
Қолыңызды денеңізге көлденең ұстаңыз
Қолыңызды 90 градуска бүгіп, беліңіздің бойымен ұстаңыз. Екінші қолыңызбен жоғары көтерсеңіз болады.
Аксессуар қосыңыз
Қолыңызға кофе стақаны, желдеткіш, қолшатыр секілді аксессуарлар ұстап тұрыңыз. Жағдайға байланысты қолыңыздағы дұрыс таңдалған зат суретке үйлесімділік береді.
Бір қолыңызға зат алыңыз
Егер жоғарыда айтылған әдіс жасанды көрінеді десеңіз, бір қолыңызбен шашыңызды ұстап тұрыңыз немесе ұялы телефон және клатч сөмке секілді күнделікті затыңызды ұстаңыз. Екінші қолыңыз бос тұра берсе болады.
Сөмке ұстаңыз
Келесі әдіс — бір қолыңызбен сөмке немесе белбеуді ұстап тұру.
Қозғалыс жасаңыз
Қолыңызбен күлкіңізді жауып тұрғандай немесе шапалақтағандай қозғалыс жасаңыз. Оның табиғи көрінуін қадағалаңыз.
Қолыңызды қалтаға салыңыз
Қолыңызды қалтаға салыңыз, бірақ толықтай емес. Қалтаның сыртында бас бармағыңыз қалсын. Иығыңызды сәл түсірсеңіз болады.
Г. Берік