1. Суретке түсу барысында кадрдың тура ортасына жайғасуға тырысыңыз. Оңға немесе солға артық қадам болмауы тиіс.
2. Камерадан 45 градусқа бұрылып, басыңызды камераға қарай бағыттаңыз.
3. Сарбаздар секілді екі аяқты қатар ұстаудың қажеті жоқ. Бір аяғыңызды алға созып, бар салмақты арт жақта орналасқан аяққа түсіріңіз.
4. Ішіңізді тартыңыз, иығыңызды артқа жіберіңіз және басыңызды көтеріңіз. Ең бастысы тыныс алуды ұмытпаңыз.
5. Аяғыңыздың ұзын болып көрінгенін қаласаңыз, фотографтан төменнен түсіруін өтініңіз.
6. Суретке отырып түссеңіз, балет бишілерінің аяғы секілді ұшымен қойыңыз.
7. Біреумен немесе затпен түсіп дағдыланыңыз. Және осы сәтте оптикалық иллюзияны қолданудан қорықпаңыз. Небары бір қадам артқа жылжысаңыз болғаны.
8. Фотографтың ескертуін күтпестен, күлімсіреп, өзіңізді еркін ұстаңыз.
9. Фотографтан бірнеше дубль жасап түсіруін өтініңіз. Эксперимент жасап, тұрысыңызды, қимыл-қозғалысыңызды өзгертіп көріңіз.
10. Суретке түсіруші адамды мезі етіп жібергіңіз келмесе, үйде айнаның алдында тұрып дайындалыңыз.
Бірақ ең бастысы – болмысыңызды жоғалтпай, өмірге деген құштарлығыңызды, сол сәттегі көңіл-күйіңізді көрсете біліңіз.
Оқи отырыңыз:
Қыздар суретке қалай түседі?
Жігіттер суретке қалай түседі?
Дайындаған: Томирис Сағындық
Сурет: korean.ru