«Алма» пішінді бойжеткендердің кеуде жағы әдемі: иығы тік, омырауы үлкен, аяқ-қолдары жіңішке, ұзын болып келеді. Кемшілігі – қарынды болып келуінде. Сондықтан киім таңдағанда назарды иық, кеуде және аяқ пен қолдың сұлулығына ауатындай етіп таңдаймыз.
Ол үшін:
1. Тамақты ашып көрсететін, көкіректің астынан бүріліп, төмен қарай кең тігілген блуза, кофталар;
2. Қалың, тығыз матадан тігілген, белінің тұсы сәл қыналған жакет;
3. Тығыз трикотаждан тігілген жилет;
4. Ұзына бойы жолақ түсірілген жакет, кардигандарды көйлектің сыртынан киген бойды талдырмаш етіп көрсетеді;
5. Шынтақтан төмен жағы кең жеңді блузалар мен көйлектер;
6. Балақ жағы кең болып келетін шалбар;
7. Артқы қалтасы үлкен джинсы шалбар;
8. Ышқыры сәл жоғары тұратын шолақ шалбар;
9. Халат тәрізді қиғаш жабылатын көйлектер мен белдемшелер;
10. Белі жоғары көйлектер мен белдемшелер;
11. Кең етек белдемшелер;
12. Денеге еркін тұратын топтың сыртынан киілетін жейделер;
13. Аяқ киімнен балетка, қалың ұлтанды аяқ киімдер гардеробыңызда болуы шарт.
«Алмалардың» сымбатын бұзатын киімдер:
1. Жұмсақ матадан тігілген киімдер;
2. Денеге тар болып көрінетін көйлектер;
3. Бел жағында сурет, өрнектері бар блузалар;
4. 1-2 өлшемге үлкен блузалар;
5. «Галифе», «сигарет» шалбарлар;
6. Угги тәрізді аяқты жалпақ етіп көрсететін аяқ киімдер;
7. Жалпақ алқалар;
8. Жалпақ сырғалар;
9. Жалпақ белдіктер.
Жалпы «алмалар» дененің кемшілігін білдірмей тартып тұратын, тұтас киілетін корсет сатып алғаны абзал.
Пальто, плащ, ішік сияқты сырт киімдер «алма» пішінді аруларды сұңғақ етіп көрсетеді.
«Алмаларға» қажет аксессуарлар:
1. Ұсақ, бірақ ұзын моншақ;
2. Жіңішке алқа;
3. Жалпақ білезік;
4. Жіңішке белдік;
5. Орташа ұзындықтағы сырғалар.
Қыз – елдің көркі екенін ұмытпағайсыз!
Сурет: Алексей Романов
Оқи отырыңыз:
Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #2
Сұлу да сымбатты көрінудің жолдары #1