Сәнді аксессуарлар сәннен ешқашан кетпек емес. Бүгіндері олардың түр-түрі бар. Әркім өз таңдағанын сатып алып тағады.
Ал сіз су моншақтан білезік жасап көрдіңіз бе? Жасап көрмеген болсаңыз, бірге жасайық.
Қажет заттар:
- Жақын күндері оқыла қоймайтын кітап;
- Тор көз дәптер;
- Қайшы;
- Қалам;
- Түрлі-түсті су моншақ;
- Флюрокарбон жіпше (жилка, леска, қармақ жібі);
- Сызғыш;
- Ине
- Түрлі-түсті қалам.
1. Кітап пен жилканы аламыз.
2. Жилкамен кітаптың сыртын айналдыра отырып 9 қатар жүргіземіз. (Қанша қатар болатындығын өзіңіз таңдайсыз).
3. Жилканың екі ұшын түйеміз.
4. Инеге жилканы сабақтап, бастапқы бөлігін түйіншектейміз.
5. Тор көз дәптерді алып алдын ала білезіктің жобасын жасап аламыз.
6. Артынша иненің көмегімен су моншақтарды өткіземіз.
7. Жоғарыдағы жобамызға сәйкес түрлі түсті су моншақтарды пайдаланамыз.
8. Бір қатар жилканың үстіне, келесісі астына орналасады.
9. Жазу аяқталған соң жилканы түйеміз.
10. Су моншақтан жасалған білезігіміз дайын.
Білезікті жасаған: Диляра Дәуренқызы
Суретке түсірген: Қарлыға Бүйенбай