Стильге қатысты 42 кеңес

Стильге қатысты 42 кеңес

Кез келген қыз баласы жаңа маусым келген сайын гардеробын жаңартып отыруды жөн көреді. Осыған байланысты бірінші арнадан көрсететін «Сәнді үкім» бағдарламасын көрдіңіз бе? Кезекті материалымызда Эвелина Хромченконың стильге қатысты 42 кеңесін ұсынамыз. Әрине, әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа демекші, біздің өзге ұлттардан талғамымыз да, ұстанымыз да өзгеше. Сондықтан оның кеңестерін керегіңізше қолданарсыз деп ойлаймыз.  

1. Қыз баланың сандығында дене түстес туфли болуы керек. Ол аяқты визуалды деңгейде ұзартып, барлық киіммен үйлеседі.

2. Екінші бір must have – бірнеше ақ жейде. Оның бел тұсы тарылған болуы тиіс.

3. Гардеробыңызда «өзіңіз үшін» деген киім міндетті түрде болсын. Оны өзіңізді жайлы сезінетін жерге киіп баруыңызға болады.

4. Қайықша тәрізді ыңғайлы аяқ киім, қара классикалық шалбар және жағасы V секілді жемпір сатып алыңыз. Мұндай жемпір мойынның бар артықшылығын көрсетеді. Бұл киімді бірнеше рет, кез келген маусымда киюге болады. Бірақ аксессуар дұрыс таңдалуы тиіс.

5. Бауы мен таспасы бар аяқ киім аяққа ерекше жарасады. Ал классикалық аяқ киімдер дене пішінін айқындай түседі. Мұны бойы қысқа қыздар ескеруі тиіс.


6. Пішіні мен стилі және түсі бір киімдер адамды жалықтырып жібереді. Нағыз сәнбике қыздың көп киімі мен көп аяқ киімі болып, түрлі стильде киінуі тиіс.

7. Егер бір түсті киім киетін болсаңыз, макияжыңыз немесе аксессуарларыңыз түрлі түске негізделуі тиіс.

8. Туника мен сөмкенің түсін бірдей етіп тек жағажайға баратын болсаңыз ғана таңдай аласыз. Мұнымен қатар, аяққа вьетнамкілер мен көзге үлкен көзілдірік бірге алып жүріңіз.

9. Жоқ дегенде бір биік өкшелі аяқ киіміңіз болсын. Ол бойды жинақы етіп көрсетуге көмектеседі.

10. Егер жарқын түсті көйлек кисеңіз, шашыңызды жинап алыңыз.


11. Кішкене белдік секілді бауы бар туфли таңдасаңыз, тобығыңыз ашық тұрсын.

12. Кең тұратын кеудеше кисеңіз, дәл сондай жеңіл шалбар киюді ұмытпаңыз.

13. Жарқын түсті және сәнге мүлдем үйлеспейтін киімді аптап ыстық курортқа киіңіз.

14. Күнделікті тұрмыста киетін көйлекпен клатч жақсы жарасады.

15. Ауы төмен түсіп тұратын шалбар аяқты қысқа етіп көрсетеді деген ой қалыптасқан, керісінше олар аяқты ұзарта түседі.


16. Мэрилин Монроның жүрісін тізеден төмен түсіп, аяқты алшақ басуға кедергі жасайтын белдемше кию арқылы қайталауға болады.

17. Жарқын түсті, мысалы, ақшыл сары түсті белдемшені аяғы ұзын қыз қауымы киген жөн.

18. Айналадағылардың көзіне түскіңіз келсе, ерніңізді жарқын түсті далаппен бояп, қолыңызға үлкен сөмке тағып, күннен қорғайын көзілдірік тақсаңыз жеткілікті.

19. Пальто міндетті түрде денеге жабысып тұруы керек емес. Ол сырт киім болғандықтан, кең болса да болады.

20. Саны толық қыздарға тізеден төмен түсіп тұратын белдемше жарасады.


21. Пиджактың ішінен топ киетін болсаңыз, түстердің кереағарлығын сақтаңыз.

22. Гардеробыңыздағы киімдер өмірдің барлық жағдайына сай таңдалуы тиіс. Бұл үйге, шопингке, жұмысқа, той-томалаққа арналған киім.

23. Толық қыздар әдеттегідей қара киім кисе де, кеуде тұсындағы артықшылығын көрсету үшін жарқын түсті әшекей бұйым тағу керек.

24. Киімнің жоғарғы жағы мен төменгі бөлігі үйлесуі қажет.

25. Кішкене қыздар қандай киім кисе де, жейдесінің мойын тұсындағы түймесін толық жаппай, ашып қойсын. Әйтпесе, нағыз футлярдағы адамдай болып қалады.


26. Артық салмағы бар қыздар үлкен көлемді сөмке ұстамағаны жөн, әйтпесе одан да үлкенірек болып көрінеді.

27. Көзге тартымсыз әшекей мен аксессуардың жоқтығынан қорқыңыз.

28. Ең сәнді деген шаш түсі – бір текті және табиғи бояулар. Мелированиені ұмыта берсеңіз болады.

29. Иығы айқындалған пальто мен қарындаш белдемшені, лодочка аяқ киімді кез келген күні кие берсеңіз болады.

30. Жазуы мен түрлі суреті бар маникюр талғамның жоқтығын көрсетеді.

31. Дәл осы секілді джинс шалбар да бір түсті, дене пішінін айқындап, аяқты ұзартып тұруы тиіс.

32. Күлгін түспен жасыл қошқыл түс, суық алқызыл, сирень түс, ақшыл сары, сұр, көкшіл түстер жақсы жарасады.

33. Топ пен кеудеше денеге жабысып тұрса да, ішінен денеңіз көрінбеуі тиіс.

34. Егер аяғыңыз толық болса, сізге кең балақ шалбар мен тізеден төмен тұратын белдемше жарасады.

35. Бір комплектіде бірнеше гүлді қолданбаған жөн. Мысалы кеудешеңізде гүлдің суреті болса, белдемшеңізді бір түсі болуын қадағалаңыз.


36. Классикалық үлгідегі киімді таңдаған кезде ол дәл өзіңіздің өлшеміңізге сай болсын. Классика мінсіз болуы тиіс.

37. Денені жартылай көрсетіп тұратын киімдер дене пішінін қорқынышты етіп, адамды тұрпайы көрсетеді.

38. Жүнді киім шашпен бірдей болмағаны жөн. Бұл – күлкілі.

39. Кешкі көйлектің өзі немесе онымен бірге тағылған аксессуарлары жарқырап тұруы тиіс.

40. Өкшесіз аяқ киім үй шаруысындағы әйел мен олигархтарға тән. Егер өзіңізді екеуінің де қатарына жатқызбасаңыз, биік өкшелісін таңдаңыз.

41. Толық қыздар белі төмен түсіп тұратын джинс шалбар таңдамағаны абзал. Ол визуалды деңгейде бойды қысқартады. Сондықтан барынша көйлек пен белдемше сатып алуға тырсыңыздар..

42. Сәнді көрінгіңіз келсе, үлкен сөмке ұстамаңыз. Оны клатчпен алмастырған дұрыс. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: fashion.ru

Қ. Бүйенбай