Стильдің ұлттық ерекшеліктері

Әлемнің түрлі елдерінде әйелдердің өзіндік киіну мәнері қалыптасқан. Ендеше, жер бетінің әр бөлігіндегі сәнқой қыздардың талғамдары мен стильдің ұлттық ерекшеліктерінің пайдалы тұстарын түртіп алайық. 

   

  Итальяндық әйелдер өз көркемдігімен танымал және табиғи сұлулығын киім-кешекпен жақсы  көрсете        біледі. Егер итальяндық әйелдің көкірегі әдемі болса, ол міндетті түрде кең ойылған  (декольте) киім киеді. Ал егер аяғы түзу болса, оны ұзын етектің астына тықпайды. Олар қатал пішін  мен кертартпа(консервативный) киімді ұнатпайды. Көбіне олардың жанына еркін стиль жақын келеді.  Итальяндық сұлулар өз стилін үлкен талғаммен таңдалатын әшекейлер мен аксессуарлар көмегімен  толықтырады. Бұл ұлттық ерекшелік итальяндарға өздерін әдемі және стильді  көрсетуге көмектеседі.  

 

  Француз әйелдерінің де өз ерекшелігі («фишкасы») бар.    Бірақ ол әшекей емес, аяқ киім. Француздар сәнді және стильді  аяқ киімге шынымен құштар келеді. Оны тіпті гардеробының  негізгі бөлігі деп есептейді. Яғни, алдымен өзіне керемет туфли  алып, кейін соған үйлесетін киім қарайды. «Ал қате таңдалған  аяқ киім ең керемет киімді «құртып жіберуі» мүмкін». Кез  келген француз әйелінде осындай пікір қалыптасқан.  Сондықтан, егер нағыз француз көркемдігіне сай болғыңыз  келсе, қымбат, сапалы және стильді аяқ киім сатып алыңыз.  Және оның тым көп не аса сәнді болуы маңызды емес. Өз  гардеробыңызда шынымен жақсы бірнеше классикалық туфли  болғаны жеткілікті.


  Американдық қыздар киімде еркіндік пен демократиялықты қатты бағалайды. Бірақ стильді  бейне қалыптастыруды да назардан тыс қалдырмайды. 

 Олар қарапайым костюмді ашық аксессуарлардың көмегімен сәтті «алып шығады». Және оны киімнен  гөрі жиі ауыстырады. Бірнеше күн қатарынан бір киіммен жүрсе де, аксессуарын күн сайын ауыстырып  тағады: орамал, сөмке, белбеу, аяқ киім. Осылайша, бір-екі киімнің өзінен неше түрлі жаңа бейне  құрастыруға болады. Қызықты және  жарасымды үйлесім табу маңызды. Мысалы, сөмкені киімге, ал  белбеу мен орамалды аяқ киім түсімен сәйкестендіруге болады.     

 

 Ал қазақ әйелдерінің киімі табиғилығымен  ерекшеленеді. Бұл ретте әрқашан табиғи мата қолданылады. Оның үстіне мұндай мата бүгінде өте сәнді. Мысалы, алдағы көктемде желбіреген жібек көйлектер орынды көрінеді. Шығыс бейнесінің басқа да тұстарын қаперге алған жөн. Себебі, қазір шығыстық стиль сәнге айналды. Дегенмен, бастан-аяқ Шығыс әйелі сияқты киінудің қажеті жоқ. Сәннің соңғы «сөзіне» сай «шығыс» пен «басты» стильдерін үйлестіру маңызды болып табылады. Көмексөз: тар джинсымен безендірілген туфли киіп, шығыс оюлары өрнектелген сөмке ұстауға болады.    

 

 

  

Әлемнің қай жерінде болсаңыз да, әрқашан ерекше стильді болыңыз!

Суреттер kazakh.ru, arabio.ru сайтынан алынған

Материал arabio.ru сайтынан аударылған