Стильді көріну – қымбат емес

Көп адам сәнді және стильді бейне қалыптастыру үшін міндетті түрде қымбат киім қажет деп ойлап, қателеседі. Бірақ айналаңызға мұқият қараңыз: сіз тұрпайы, күлкілі киінген көптеген «сәнқойларды» байқайсыз. Ал талғамы бар әйел қарапайым дүкеннен де керемет киім тауып, әдемі көріне біледі. Сондықтан, «қайдан сатып алғаннан» «не сатып алғаныңыз» әлдеқайда маңызды.     

Сәнді және стильді көріну үшін не істеу қажет? Киім таңдарда неге көңіл аударған дұрыс? Үлкен шығынсыз сәнді гардероб таңдау үшін Massaget.kz сайты сіздің назарыңызға танымал сән үйлері стилистерінің бірнеше кеңесін ұсынады.   

 1.      Lacoste стилистерінің кеңесі

Киім таңдағанда, табиғи материалдан тігілгенін алған дұрыс: олар қымбат көрініп, пішінін жақсы сақтайды. Сондықтан, көпке дейін жаңа киім сияқты көрінеді.  

2.     Chanel үйінің ұсынысы


Қара түсті бірнеше базалық киім сатып алыңыз. Бұл түс әрдайым ұтымды көрінеді. Ал оны ерекше аксессуарлардың көмегімен оңай сәндендіруге болады.

3.     Benetton ескертеді

Кез келген киім-кешек күтімді қажет ететінін есте сақтаңыз. Әйтпесе, ең қымбат және сәнді киімнің өзі құр шүберекке айналады. Өндіруші жазған күтім ережелерін қатаң сақтап, түрлі-түсті киім жуғанда, міндетті түрде ашық түстерді сақтайтын кондиционер қолданыңыз. Киімнің жақсы көрінуі де - стильдің ажырамас бөлігі.   

4.     Luis Vuitton кеңесі

Сән үлгілері мен киім сапасын жақсы білетін адамдармен кездесетін болсаңыз, онша тартымды болмаса да, міндетті түрде сапалы және қымбат киім-кешек таңдаңыз. Мысалы, қымбат сөмке ұстап, жай ғана ұқыпты киінуге болады. Бұл саны көп, қымбат, алайда қажетсіз заттардан анағұрлым жақсы.  

 5.     Cartier ұсынысы


Көп шығындалмай, сәнді көріну үшін, классикалық киімді қымбат аксессуармен үйлестіріп киіңіз. Сәнді көріну үшін бір ғана көзге түсетін қымбат зат жеткілікті.

 6.     Christian Louboutin пікірі  

Сіздің гардеробыңызда кез келген жағдайға арналған орынды киім болғаны дұрыс. Christian Louboutin аяқ киімдерін жақсы көруіңіз мүмкін. Тамаша, жиі киюге тырысыңыз. Дегенмен, балшықты күндері ыңғайлы және орынды аяқ киім таңдаған жөн. 

Суреттер hicosmo.com, artleo.com сайттарынан алынған