Шыны керек, былғары күртеше – джинс шалбарлары секілді кез келген гардеробтан табылуы тиіс must have киім.
Дизайнерлер де осы ережені берік ұстанып, көктем мен жазға, күз бен қысқа арналған барлық сән апталықтарында жаңа үлгідегі былғары күртешелер модельдерін ұсынып отырады. Ол барлық киіммен үйлесе береді. Сондықтан, жарамсыз боп қалатындай қауіп жоқ.
Көктемнің алғашқы күндерінен-ақ үстімізге іліп алатын күртешеден жаздың кешкі салқынында да ажырамайтынымыз рас.
Оны шалбармен киген әлдеқайда үйлесімді көрінгенімен, белдемше немесе жеңіл көйлек үстінен кию бойжеткенді ерекшелеп тұрады. Тіпті, тойға арналған ұзын кешкі көйлектің өзімен де жарасып кетеді. Сондықтан, сәнқой бикештерге былғары күртеше мен белдемше дуэтін түрлі қалыпта кие беруге кеңес береміз.