- Негізгі бет
- Сән
- Слипер - ақсүйектер...
Слипер - ақсүйектер аяқ-киімі
Бірнеше ғасыр бұрын слипер аяқ-киімдері ағылшын ақсүйектерінің үй шәркелері болатын. Кейін Альберт ханзаданың бұйрығымен оларды мақпал мата мен тастармен әшекейлеп тіге бастады. Сол кісінің бастауымен қазірде бұл аяқ-киім сәнге кіріп, нағыз күздік трендке айналды.
Бұл аяқ-киімнің атауы ағылшын тілінен аударғанда сырғанау дегенді білдіреді. Шынында бұндай аяқ-киіммен сырғанау оңай болмақ. Бірақ қазір оның мақсаты басқа. Енді олар сәнді, әсем күздік аяқ-киім болды.
Слипердің өкшесі жоқ екендігін ескерсек, бұл аяқ-киім шаршататын балеткаларға жақсы балама бола алады. Беті матамен қапталған слиппердің түсті, жылтыр, тастармен, кестелермен әшекейленген түрлері жетерлік.
Кестемен әшекейленген слиперлерді бөлек атап өту керек. Бұл жерде дизайнерлердің қиялы шектеусіз. Алтын не күміс жіппен кестеленген ортағасырлық ағылшын елтаңбалар, тәж, ту белгілері аяқ-киімді жоғары талғамды сәнқойларға сай қылады. Ал жасөспірімдерге арналған слиперлерде түрлі суреттер, жолақтар, түрлі-түсті бейнелер салынған.
Слипер аяқ-киімін киюдің де өз мәдениеті бар екен. Оларды шұлықсыз, жалаң аяққа киеді. Бұл аяқ-киім тар джинсымен не шолақ шалбармен ерекше жарасады. Шорты мен белдемшелермен де киюге әбден болады. Күздің суық күндеріне былғары не күдеріден тігілгендерін таңдаңыз.
Дайындаған: Сания Аринова
Суреттер: goodhouse.com.ua
С. А