- Негізгі бет
- Сән
- Скинни шалбарын немен...
Скинни шалбарын немен киеміз?
Скинни джинс шалбарына әркім әртүрлі қарайды. Бірі оның сәннен шыққанын айтса, басқалары онсыз гардеробын елестете алмайды. Қазір кең тұратын шалбарлар сәнге айналғаны құпия емес. Ал денеге жабысып тұратын скинни шалбары қазіргі уақытта стильді көрінуі үшін оны немен кию керек?
Сән подиумдарынан скинни джинс шалбарын міндетті түрде кездестіруге болады. Бірақ оны көпшілік сәнді тенденция ретінде емес, базалық киім ретінде қабылдайды. Себебі оны қыздардың көбі ыңғайлылығы мен әмбебаптылығы үшін жақсы көреді. Бастысы, оның қатты денимнен тігілген сапалы түрі болуы маңызды.
Сән әлемінде өзгерістер жылдам орын алады. Сондықтан қазіргі уақытта трендке айналған немесе одан шыққан киімдер тізіміне мән бергеннен гөрі, стилистер киімдерді бір-бірімен стильді үйлестіру әдістерін меңгеруге кеңес береді.
Уақытқа тәуелсіз киім алудағы басты ереже – оның ешқандай әшекейсіз жинақы түрін таңдау. Жыртықтары, моншақтары немесе басқа да артық декоры бар джинс шалбар сәннен жылдам шығып кетеді. Скинни шалбары стильді көріну үшін оны кең тұратын киіммен үйлестіріңіз.
Скинни джинс шалбары + жакет
Ең қарапайым әдіс – скинни шалбарды футболкамен киіп, сыртынан кең тұратын жакет іліп алу. Егер жакет көлемді болса, оған белдік тағу арқылы беліңізді айқындауға болады.
Скинни джинс шалбары + көлемді трикотаж
Денеге жабысып тұратын шалбарды кең тұратын жемпірлермен немесе кардигандармен киген дұрыс. Егер скинниді водолазкамен кигіңіз келсе, сыртынан пиджак киіп алыңыз.
Скинни джинс шалбары + жейде
Скинни джинс шалбары жейделермен жақсы көрінеді. Бірақ жейденің сапалы материалдан болуы маңызды. Себебі өте жұқа және қыртыс матадан тігілген жейделер киім үлгісін бұзып жібереді.