- Негізгі бет
- Сән
- Шығыс сұлуларының құпиясы...
Шығыс сұлуларының құпиясы неде?
Косметика
Шығыс ханшайымдары косметиканы жақсы көреді. Алайда таңдаулары европалық арулардан мүлдем бөлек. Маскаларға арналған ыдыстар, әтірдің хош иістері, пайдаланылатын заттардың түстері, қылқалам барлығы әдемі үйлескен. Үнемі консерванті, иістендіргіштері мен бояуы аз табиғи өнімдерді пайдаланады. Арулар косметикасына ылғалдандырып, ультра күлгін сәулелерден қорғайтын маржан протеинін қосады.
Балғын әрі тегіс тері
Кәріс және жапон қыздарының кәрлендей тегіс терісіне көпшілік қызығады. Әдеттегі тері реңкін өзгертетін майларды мереке-тойларда ғана пайдаланады. Бетті ылғандандыру процесі бірнеше сағаттарға созылуы мүмкін. Оны бастаған соң, аяқтамасқа болмайды. Мұнымен қатар аптасына 1-2 рет теңіз балдырларынан жасалған маскаларды қолданады.
"Балғын шақ" маскасы
Ақ балшыққа ұнтақталған сұлы, күріш, майда тазартылған теңіз балдыры және түймедақ жапырақшаларын қосыңыз. Қоспаға бір-бір қасықтан итмұрын, жожобо, түймедақ майын құйып, кішкене су құйып араластырыңыз. Маска қою кейіпке енген соң, бетке тегістеп жағып 15 минутқа қалдырыңыз. Мұндай масканы суық газдалмаған сумен шайған дұрыс.
Алма сіркесі мен теңіз тұзы
Алма сіркесінің шаш майлануын басуға, шашты өсіруге тиімді әсер ететінін біліп, сусабындарына қосады. Оны ваннаға түскенде немесе бетті тазартатын құралға қосып қоюға болады. Ал егер алма сіркесін шайшөп, түймедақ, қалақай, лаванда, гүлшетен сығындысына қоссаңыз тамаша бет тазартатын ласьон алуға болады.
Теңіз тұзы
Теңіз тұзы - целлюлитке қарсы керемет қоспа. Оны жуынбас бұрын алоэ, емдік саз балшық, теңіз балдырларымен араластырып денеге жағады. Бұл терінің балғындығын қамтамасыз етеді.
Уқалау рәсімі міндетті түрде!
Уқалау рәсімі мінсіз сымбаттың кепілі екені көпшілікке мәлім. Бетке арналған «шиацу» уқалауы кәрленге ұқсас теріге ие болуға көмектеседі. Ол саусақ ұштарымен ғана, күніне 5 минуттан жасалады.
Алтын құрма
Құрма Жапонияда қуаныш пен молшылықтың белгісі. Қызғылт түсті бұл жемісті жапондықтар ғасырлары бойы пайдаланып келе жатыр. Құрма тамыры мен жапырақтарында нәрлендіретін микроэлементтер мен заттектер бар.
Теріні нәрлендіруге арналған маска.
Алдымен сауна немесе моншада тері тесіктерін ашып алыңыз. Содан кейін құрманың жұмсақ балдырын алып дене мен бетке жағыңыз. Құрма балдырын теріңізде 30 минутқа қалдырып, артынан жылы сумен жуыңыз.
Құрмадан дайындалған сусын
Бір қасық құрманың кепкен жапырақтарын алып 2 литр ыстық суға салыңыз. Құрамына балды да қоссаңыз болады. Бірнеше минутқа тұндырып қойған соң сусын дайын.
Балғындық сыйлайтын ванна
Бір тостаған су мен бір тостаған құрманың кептірілген жапырақтарын араластырып тұндырыңыз. Осымен 1,5 сағатқа арналаған жайлы ваннаңыз дайын.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: top-antropoc.com
Қ. Бүйенбай