Кей өнімнің қабы адамды бірден баурап алады. Шығармашылық үстелген осындай үздік қаптарға назар салмай, бей-жай өту мүмкін емес.
![]() | Канадалық дизайнерлер Julien De Repentigny мен Gabriel Lefebvre мынадай сүт қорабының ғажайып концепциясын жасап шыққан. |
![]() | Бұл спагетти Нью-Йорктегі аспанмен таласқан Эмпайр-стейт-билдингті қайталап тұр. Ешкімнің ойына спагеттиді осылайша орау келмесі анық. |
![]() | Шай қорабы шкаф түрінде жасалған. Ал шай қалташалары киім сияқты тізіліп тұр. |
![]() | Кореялық Aekyung студиясы жасаған кір жуу ұнтағының қорабы. Ғаламат идея! |
![]() | Note құлаққабы нота күйінде ерекше оралған. |
![]() | Отандық дизайнерлер де үздік ойларымен таңғалдырудан шаршаған емес. "Рахат" кондитерлік фабрикасы тәттінің қорабын киіз үй пішінінде жасаған. |
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: adme.ru, rakhat.kz
Р. Роза