Шорты - жаздық гардеробтың айрылмас бөлігі

Шорты – жаздық гардеробта болуы қажет киімдердің бірі. Шортымен жұмысқа да, кездесуге де, кештерге де бара беруге болады. Ең бастысы – үлгісін, ұзындығын және түсін дұрыс таңдай білу.

Жарқын түс

Мұндай шортымен жұмысқа бару біраз ыңғайсыз, алайда жаздық кештерге нағыз керегі. Мұндай шортыларды майкалармен, тіпті ақ жейдемен кисеңіз де болады. Және де матадағы суреттер неғұрлым көлемді болса, соғұрлым сәнді.

Қою сары

Қою сары шортылар көптеген жағдайлардан сізді құтқармақ. Пиджак және жейдемен кие салсаңыз – офистік сәнді образ жасап аласыз (ең бастысы ұзындығы дұрыс болсын). Ал демалыс кездері сандал және ақ майкамен кисеңіз сафари стиліне енесіз.

Бір түсті

Біртүсті киім де кейде образды аша түседі. Бірақ негізге жарқын түсті шортыларды алыңыз. Және үлгі жайлы ұмытпаңыз! Толық қыздарға – бермудтер, яғни қысқа балақты шортылар жарасады (сырт көзге аяқтарды сымбатты етеді), ұзын қыздарға – тізеге дейін келетін шортылар (сырт көзге аяқтарды қысқартып көрсетеді), арықтарға – етегі қайырылған шортылар (аяқтарды толық етіп көрсетеді), ал бойы қысқа қыздарға – мини- және микро-шортылар (аяқтарды ұзын етеді).

Белге дейін

50-жылдарды еске түсіріп, дизайнерлер белді заңды орнына қайта әкелді. Мұндай шортылар бар назарды белге салып, «құмсағат» кескінін жасайды. Етегі ішке салынған жейдемен (ресми жағдайларда) немесе сыртқа шығарылған топтармен (кештерге) киюге болады.

Шорты-белдемше

Шорты-белдемше – жамбасы үлкен аруларға тамаша жарасады. Біріншіден, кең етек жамбастың бірнеше сантиметрін азайтып көрсетеді. Екіншіден, мұндай пішінді шорты бар назарды белге салады. Біртүсті шортыға жарқын суреті бар топтар жарайды, ал шортының суреті болса үстіңгі жақ салқынқанды болсын.

Ақ

Мұндай шортыларды көлге шығып, демалғанда да, қалада да киюге болады. Ақ-қара жолақтары бар топпен және қызыл акссесуарлармен киген дұрыс.

Суреттер: woman.ru, vk.com