Артық ақша жұмсаудан және сәтсіз киім сатып алудан қорғайтын бірнеше кеңес ұсынамыз. Көпшілікке ортақтықтан алшақ болыңыз Егер белдемшенің, джинс шалбарының және басқа да киімнің қандай да бір үлгісін барлық бутиктен байқасаңыз, ол сәнді киім ендігі сәннен шығып кеткендігін білдіруі мүмкін. Барлық бутиктерде киім бірдей суретпен, бірдей пішінмен, бірдей матадан толып кетсе, ондай үлгі ескіріп қалғанын ұмытпаңыз. Мөлшерін біліңіз Өте арзан киімдер алмай-ақ қойыңыз. Көптеген әйелдер сол қақпанға түсіп қалады. Содан соң оны немен үйлестірерін білмей жүреді. Қайталамаңыз Гардеробыңызда 1-2 водолазка бар болса, тағы да водолазка алудың қажеті жоқ. Төзімділігін есепке алыңыз Киімнің сапасына қарап, қашанға дейін кие алатыныңызды ойланыңыз. 20 секундтық тест жасаңыз: матаны алақаныңызбен қысып, оның неге айналғанын қараңыз. Иілетін жерлерде (шынтақ, тізенің арты, қолтықтың тұсы) мата солай көрінетінін біліңіз. Тізім құрыңыз Жаңа киім алуға дүкенге барарда қажетті заттар тізімін жасаңыз. Содан соң тек сол тізіммен жүріңіз. Бақыт гормоны домафиндер бірден пайда болады, сондықтан сіз бутикке кірген бойда есіңізден танасыз. Сол үшін артынан қажет болмайтын киімдер алып қоюыңыз мүмкін. Шоппингке киім алып шығыңыз Мысалы, сізде белдемше бар, соның үстіне киетін жейде алғыңыз келсе, сол белдемшені өзіңізбен бірге алып шығыңыз. Содан соң таңдаған жейдеңізді міндетті түрде сол белдемшемен киіп көру керек.