Бұл жейде туралы көп сөз қозғауға болады. Тіпті мұндай киім киетіндер туралы қалыптасқан пікірлер де көп.
Дәл осылай негізінен қызмет көрсету саласындағы жұмысшылары киінеді. Есіңізде ме, күзетшілер, фастфуд сатушылары, ал тіпті егде жастағы адамдарға да ұқсап қалуыңыз мүмкін.
Бұл ойдың барлығы да, егер киімді дұрыс киіне білсеңіз, бос сөз болып шығады. Аз ғана стандартты ерекшеліктер киіміңіздің денеңізге дұрыс жайғасуын қамтамасыз етпек. Сонымен...
Ең бірінші заңдылық – мұндай жеңсіз жейделерді шабар сыртына салбыратып кимеу. Сіз сыртқы көріністе қолыңыздың шынтақтан төмен бөлігінің ашық тұрғанын жасырып, көзге көнектей көрінбейтін боласыз.
Екінші заңдылық – шолақ жеңнің кеңдігіне аса мән бергеніңіз абзал. Киім тігетін фабрикалардың қандай адамға сәйкес дайындайтынын білмейміз, әйтеуір көптеген жейделердің шолақ жеңдері жүріс кезінде салбырап, әрлі-берлі ұшып жүреді. Ондай киіміңіз болса, бірден сандыққа салып тастағаныңыз дұрысырақ болады. Егде тартқан кезіңізде қандай киім кигеніңіз ешкімге де қызық бола қоймас... Ал қазір жас болған соң, жастардың стилімен киіну құптарлық.
Ешқашан, ешқашан, ешқашан (!) осылай кимеңіз!
Жейденің жеңі сіздің қол бицепсіңізбен бірдей болуы шарт (қолыңыздың тым жіңішке болмауын да қадағалаңыз, себебі мұндай киім тек спортпен «достасып» алған адамдарға жарасады). Бірақ қолыңызды қалай қимылдатсаңыз да тарлық көрсетпегені дұрыс. Жейде сатып алып, киген сәтіңізде екі қолыңызды кеуде тұсыңызға апарып көріңіз, егер қыспаса ол сіздің киім көлеміңіз болғаны.
Ал егер жеңі тым ұзын болса, оны қайырып қоюға әбден болатынын ұмытпағайсыз.
Дайындаған: Ардақ Құлтай
Сурет: furfurmag.ru