- Негізгі бет
- Сән
- Шашты үй жағдайында...
Шашты үй жағдайында бұйралау
Фото:
rudaki.ru
Сұлулық салондарында шашты бұйралаудың бағасы ұзындығы мен қалыңдығына байланысты болады. Әдетте қымбат болып жатады. Ал дағдарыс заманында мұны қалтамыз көтере бермейді. Сондықтан назарларыңызға үйде отырып шаш бұйралаудың оңай тәсілін ұсынамыз. Ол үшін бар болғаны қатырғыш лак пен қалың журнал қажет.
1. Өзімізге қажетсіз қалың журналды аламыз.
2. Оны суреттегідей етіп ораймыз.
3. Шашымыздың бір бөлігіне қатырғыш лак себеміз.
4. Сөйтіп оны қағазға ораймыз.
5. Ораған соң байлап қоямыз.
6. Барлығын бұйралаған соң орамал тағып алуымызға болады. Бұйрасы ұстады деген сәтте оны шешеміз.
Толығырақ төмендегі видеодан көре аласыздар.
Қ. Бүйенбай