- Негізгі бет
- Сән
- Шашты балалар жабыстырғышымен...
Шашты балалар жабыстырғышымен безендіру сәнге енді
Фото:
woman.ru
Нью-Йорк шаштаразы Аллен Томас Вуд өз кәсібіне өзгеше көзқараспен келген. Ол шашты адам ойына сыймайтын аксессуарлармен безендіргенді ұнатады. Мысалы, тірі өсімдікті hair-аксессуар ретінде пайдаланған. Жақында стилист шашты баланың жабыстырғышымен сәндеуді ұсыныпты. Ең батыл сәнқойлар бұны қайталап та үлгеріпті. Тіпті әлеуметтік желідегі парақшаларына суреттерін жүктеп жатыр екен. Жаңа шаш үлгісінің жасалу жолы өте қарапайым. Алдымен шашты жайып, тарап, артқа жібереміз. Үстінен лак шашамыз. Сосын балалар жабыстырғышын шашқа бір-бірлеп қоямыз. Тренд бүгінде кең таралып жатыр. Ал сізге бұл шаш аксессуары ұнады ма?
М. Оңғарова