- Негізгі бет
- Сән
- Шашақты сөмкелер мен...
Шашақты сөмкелер мен аяқ киімдер
Хиппи-бейне жасау үшін және бостандықтың тынышсыз рухын сезіну үшін шашақты бір акесессуар жеткілікті. Шытырман оқиғалар көп күттірмей орындалады!
Шашақ – осы жаздың басты трендтерінің бірі. Ағымдағы маусым шашақтың әмбебаптығын айқын көрсетті: күнделікті бейне жасауда Жабайы Батыс бақташыларының стиліне және хиппи-мәдениет ізбасарларының сәніне бейімделген жөн, ал той-жиындарға 20-шы жылдар стиліне ден қоямыз – «Ұлы Гэтсби» фильмінен шабыт алсаң болады.
Бұл маусымда дизайнерлер шашақты аксессуарлар, сөмкелер мен аяқ киімдерге ерекше екпін берді. Ең танымал нұсқа – орталық Американың шексіз шалғынды аймағын армандауға жетелейтін көлемді сөмкелер. Аяқ киімді көңіл-күйге байланысты таңдасаң болады: бұл туфли, сандалий, босоножки және тіпті лофер бола алады. Шашақ былғары теріде ұтымды көрінетінін ұмытпа.
Мұндай аксессуарларды таңдағанда ұстамдылық танытқан жөн: егер шашақты туфли кисең, онда бейненің басқа элементтері өрнектер немесе сұлба арқылы сай болып тұруы мүмкін, бірақ былғары жіптерден бас тартқан жөн.
Сөмкелер
Аяқ киімдер
Сурет: www.cosmo.ru
Дайындаған: Анар Мұстафина
A. Mustafina