Біреулер бұл трендті 20-жылдардағы Ұлы Гэтсби жарқырауымен сәйкестендірсе, басқалары шашақты бохо стилімен немесе 70-жылдардағы сәнмен байланыстырады. Ал үшіншілері шашағы бар пончоны (жамылатын сырт киім) көріп, бірден үндістерді елестетеді. Бұрын шашақ нақты ортасы бар кей адамдардың гардеробында ғана кездессе, қазір оны танымал дизайнерлер өз киімдеріне қолданады. 2018 жылдың көктем-жаз топтамасында шашақ көп қолданылған. Шашағы бар көйлек 2018 жылғы көктем-жаз мерзімінде етегі шашақпен безендірілген пончо-көйлектер көп кездесті. Шашақтың түр-түрі бар, ол кез келген ұзындықтағы және кез келген материалдан (былғары, күдері, жібек, мақта жіп) жасалады. Шашақ этникалық сарында (Valentino) немесе готикалық стильде (Givenchy) де әдемі көрінеді. Шашағы бар белдемше Сәндегі соңғы трендтің бірі шашағы бар белдемше. Белдемшенің шашағы бірнеше қабатпен орналасқан түрін немесе бір өте ұзын жіптерден тұаратын түрін таңдаған жөн. Шашағы бар сәнді белдемшені кэжуал стиліндегі футболкамен және свитермен, сонымен қатар қатаң стильдегі жакет пен жейделермен үйлестіруге болады. Оны кроссовкамен де, туфлимен де кисеңіз жаарсады. Шашағы бар топ пен жакет Шашақпен тек көйлектер мен белдемшелерді безендірмейді, сонымен қоса оны топтар мен жакетттер, свитерлер мен пиджактарға да қолданған. Шашағы бар аяқ киімдер мен аксессуарлар Шашаққа деген тренд аксессуарлар, сөмкелер, белбеулер және аяқ киімдерге де тарады. Жіптермен және басқа да элементтермен безендірілген кәрзеңке сөмкелер мен рюкзактар осы мерзімнің сәтті сатып алынатын заты. Оның салтанатты түрлері де бар, мысалы, подиумдардан шашағы бар шағын сөмкелер мен клатчтар кездесті. Подиумдарда модельдердің шашағы бар аяқ киіммен көрінуі көктем-жаз мерзімінде салпыншағы бар туфли, шәркей және басы ашық аяқ киімдер сәнде болатындығын білдіреді.