- Негізгі бет
- Сән
- Шаш үлгісін жасауда...
Шаш үлгісін жасауда есте сақтау керек ережелер
Күз – болмысқа жаңалық қосып, имидж өзгертетін мезгіл. Әсіресе, шаш үлгісіне көп мән беріледі. Шаш үлгісін жасауда есте сақтайтын жағдайлар бар.
Пергидроль. Қара шашты қыздардың шаш бояудағы ең үлкен қателігі –платиналық блонд түсін таңдау. Біріншіден, бұл түс өте жасанды болып көрінеді. Екіншіден, қара шашты бірден ашық түске бояу шашқа зиян.
Бұйра шаштың бұралып тұруы. Шашыңыз бұйралануға икемді болса және оны күнделікті түзеп тұруға мүмкіндігіңіз болмаса, онда кекіл қоймауға тырысыңыз. Бұйра кекіл ерсі көрінеді. Егер сізге бұйра шаш ұнамай жүрсе, сән салонына барып, перманенттік түзету жасатыңыз.
Жасанды шаш қосу. Бұл әдеттен арылған дұрыс, себебі оның әуресі көп және ол сізге сұлулық қоспайды. Біріншіден, жасанды шаш табиғи шашыңыздан түсі мен құрылысы жағынан ажырап тұрады. Екіншіден, шаш қосылған жерді жасыру қиын. Үшіншіден, қосылған шаш кез келген уақытта түсіп қалуы мүмкін. Ыңғайсыз жағдайда қалу ешкімге ұнай қоймас. Шашыңыз тез өсу үшін балық, жасыл көкөністер және жаңғақ жеу керек.
Шектен тыс бұрау. Кекіліңізді цилиндр тәріздес тарақпен бұрай отырып кептірген дұрыс емес, себебі ол сусынның бөтелкесіне ұқсап қалады. Шашты кептіру әрқашан жеңіл түрде жүргізілуі тиіс.
Асты – қара, үсті – ақ. Қара ала шаш борсыққа ғана жарасады. Ал көп қабат ретінде боялған шаш тіпті ешкімге жараспайды. Сондықтан, екі түсті бірге қолданбай, біреуін ғана таңдау керек.
Қуыршақ театры. Жасыңыз 20-дан асып кеткен болса, онда шаш бұйралағыш құралдардың көмегімен шаш бұйралау сізге жараса қоймайды. Ол бастауыш сыныпта оқитын қыздарға арналған. Ал сіз шашыңызды қолмен тарап, аз мөлшерде шашқа арналған опа жақсаңыз, сәнді нәтижеге қол жеткізесіз.
Бермуд үшбұрышы. Үшбұрышты кекіл көрермен көзайымына айналған актрисалардың өздеріне жараспайды. Кекілдің басқа түрлері де жетерлік.
Африкалық өрім. Шашты ұсақ қылып өрудің еш тартымдылығы жоқ. Себебі, бұдан соң шашты жайғанда ол біраз уақыт бұйраланып жүреді.
Күзгі егіс пен шаш. Күз кезінде дүкендерден көздің жауын аларлық қызыл түстес көкөністерді (баялд, бакулық қызанақ) көптеп көруге болады. Бірақ бұл түстер шашта емес, қазанда (ас үйде) жақсырақ көрінеді.
Дайындаған: Гүлнұр Бақытбекова
Сурет: asiapoisk.com
Г. Бакытбекова