Көктем қыздардың қызғалдақтай құлпырып, жайнайтын кезі. Осы уақытта өзімізді барынша өзгертуге тырысамыз. Жаңа киім алып, шашымызды да басқаша сәндейміз. Шаш демекші, қыздардың шаш сәнінің сан түрі бар емес пе? Солардың арасынан қайсысын таңдауға болады? Сіздің бет пішініңізге қандай шаш сәні жарасады? Массагеттің сәнқой қыздары ұсынған мына кеңестерді оқып, бетіңізге жарасып, өңіңізді ашатын шаш сән үлгісін таңдаңыз.
Егер сіздің бетіңіз...
СОПАҚ болса,
ҮШБҰРЫШ пішінді болса...
Бұндай пішінді жүрек пішіндес деп те атайды. Сізге иектен төмен келген шаш ұзындығы жарасады. Мысалға каре атты танымал шаш сәні. Кекіліңіз қасқа дейін ұзын, түзу не қиғаш болуы мүмкін. Жалпы, шаш сәніңіз бетіңізге кішкене болса да сопақ пішін беріп тұру керек. Ол үшін шашыңызды беттің жағына түсіп тұратындай етіп жинаңыз. Ұзын кекіл мен бетіңізге түсіп тұрған шаштар бетіңізге дұрыс пішін береді. Қысқа кекіл мен жаланып жиналған шаш сәнінен абай болыңыз.
ДӨҢГЕЛЕК пішінді болса...
Беті осындай пішінді арулар үшін ең маңыздысы - бетті сопайтып көрсету. Тік не қиғаш кекіл жасасаңыз болады. Шашыңыз түзу, ұзындау болуы тиіс. Кекілдің маңызы зор. Төмен жиналған, не түйілген, артқа жиналған шаш - сізге арналмаған.
ҰЗЫН бет
Ұзын бетті қыздарға "боб" атты шаш сәні өте жарасымды болмақ. Ол бетке көлем беріп, жұмсақ қылып көрсетеді. Ұзын, тік жатқан шаш сәнін жасамағаныңыз дұрыс.
ТӨРТБҰРЫШ бет
Ұзартылған каре - міне арманыңыздағы шаш сәні. Оның ұзындығы иектен кішкене ғана төмен болуы керек (бұлай шашыңыз бетіңіздің үшкір жерлерін жабады). Осыған ұқсас кез келген шаш сәні сізді сұлу қылып көрсетпек. Қысқа алынған шаштан абай болыңыз.
Бетіңіз АЛМҰРТ тәріздес болса,
кекілдің болғаны сізге өте керек, шашыңызды бетке түсіріп қойыңыз, артқа жиналған шаштан аулақ болыңыз.
Әлбетте қыздың сұлулығы жүрегінде. Бірақ, оны әркім біле бермейді. Сондықтан сырттай да, іштей де тартымды да көркем болайық, қыздар!
Ал сіздің шаш сәніңіз қандай?
Суреттер: parikmaker.ru, goodwoman.ru.