Қыз баласы шашы ұзын болғандықтан жинап жүргені әрі ыңғайлы, әрі сәнді, денсаулыққа да, тазалыққа да пайдалы. Алайда кей бойжеткендер шашы қысқа не жұқа болғандықтан, түюдің ретін таба алмай, үнемі жайып жүруге мәжбүр болады. Бұл мәселенің шешімі бар. Шашыңызды ұзын етіп көрсеткіңіз келсе, біз көрсеткен әдіспен түйіп алыңыз. Бұл үлгіні өзіңізге өзіңіз істей аласыз, тек бір резеңке мен 5-6 шаш қыстырғыш, түйреуіш болса жетеді.
Алдымен шашты өзіңіз қалаған деңгейде жоғарыдан не төменнен резеікемен жинаңыз.
Төбе жағынан бастап, шашыңыздың қалыңдығына қарай 5-6 бөлік шығатындай қалыңдықта, кішкене бөліктен алыңыз.
Үш саусаққа не, тым көлемді болғанын қаласаңыз, төрт саусаққа шашты ораңыз.
Ұшына дейін орадық...
Субұрқақтан шыққан судай етіп, алдыңғы жағына ыңғайлап, шашқа одан әрі көлем беру үшін саусақ арасын ақырын ашамыз.
Оралған шашты көрінбейтін қыстырғышпен бекітеміз.
Бекітілген шашты екі жағынан сәл ғана тартамыз.
Одан кейін жанынан тағы шаш бөлігін аламыз.
Алдыңғы суреттерде көрсетілгендей ораймыз.
Түбіне көрінбейтін қыстырғыш тағамыз.
Ыңғайыңызға қарай, келесі жағынан тағы шаш бөліп алыңыз.
Оның да түбін қыстырамыз.
Барлық шаш бөлігін орап шығамыз.
Соңғы шаш бөлігін қыстырдық.
Оралған шаш бөліктері көлемі бірдей болуы үшін, араларын ашыңқырап, жақындатып, реттеп қойыңыз.
Көлемді етіп түйілген шаш үлгісі дайын.
Одан да көлемдірек болғанын қаласаңыз, шашыңызды жоғары жақтан жинап, орамды үлкенірек етіп алыңыз.