Шаш сәніне жаңа дем беріңіз

Шаш сәніне жаңа дем беріңіз

Бірсарынды, қарапайым шаш сәні жалықтырды ма? Мына аксессуарларды дұрыс қолданып, сәнді әрі ерекше болыңыз! Шашыңыздың сәніне жаңа дем беріңіз.

Әдетте бір шаш сәнін күнделікті жасап, айлар бойы оны өзгертпейміз. Той-жиын, отырыстарда ғана ерекшеленіп, жаңа шаш сәнін жасағымыз келеді. Алайда шаш сәнін өзгерту - ішкі көңіл-күйді өзгертудің бірден-бір амалы. Ал шашын қысқа қылып қырқуға, не сары түске бояуға дайын емес арулардың шашқа арналған мына аксессуарларды қолданып көруіне кеңес береміз.

Сәнді орамал

Шашыңызды жібере салып, орамалды жиек ретінде тағып алыңыз. Артқы шашты көтеріп қойсаңыз, көлемді, ойнақы шаш сәніне қол жеткізесіз.

Ерекше шаш қысқыштары

Гүл не бант қысқышы кез келген бейнеге жаңашылдық қосып, ашық, жаздық көңіл-күй сыйлайды. Шашыңызды жібере салып, шетіне түйреуішті қыстырыңыз. Сондай-ақ өрілген шаштағы гүл өте нәзік көрінеді.

Жиек

Жиек - шаш сәнін бір сәтте түбегейлі өзгертудің жақсы жолы. Үстінде көзге түсерлік әшекейі бар жиек осы маусымда сәнді болады. Үлкен гүл, түсті қауырсын, жүрекше пішінді әшекей сізден көз алдыруға мүмкіндік бермейді.

Ерекше жиектер

Кең жұқа жиек келбетіңізге нәзіктік сыйлап тұрады. Оның беті шілтер, бисер, тастармен әшекейленуі мүмкін. Ал жіңішке жиектер шашта көрінбей, соның арқасында, тек әшекейі көзге түседі. 

Дайындаған: Сания Аринова

Суреттер: cosmo.com.ua

С. А