Жаз мезгілінде ыстыққа шыдау үшін шашты жоғарыға түйіп қою сәнге айналады.
Бұл шаш үлгісін жасау өте оңай әрі сәнді. Ол үшін бізге шаш қыстырғыш керек.
Шашты тарамай жоғарыға көтеріп ұстаймыз (Төмендегі суретке қараңыз). Шашты айналдырып, түбіне дейін ораймыз. Шаштың толық айналғанына көз жеткізген соң, шаштың түбінен ұстап тұрып, түйін жасаймыз. Шаш қыстырғышпен бекітеміз.
Шаш сәні дайын!
Шашты түйгенде барлық балапан шашты жинап қою аса қажет емес. Балапан шаш шығып тұрса бейнеге керісінше, еркіндік береді. Түйілген шашты шашқа арналған аксессуарлармен сәндеп қойған дұрыс. Мәселен: жасанды гүл, үлкен әшекейі бар резеңке, лента, орамал сияқты аксессуарлар бейнені ерекшелейді. Шынын айтқанда, түйілген шаш көп қызға бірдей жараса береді деп айту қиын. Шашты түюдің түрлі тәсілі болғандықтан, беттің жалпақ, сопақтығына қарап, өзіңізге сай келетін шаш сәнін таңдағаныңыз жөн!
Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова
Сурет: povolosam.ru