Шаш сәні: Жиналған екі өрім

Сұлу ханшайымдар! Біз бүгін тағы бір оңай жасалатын шаш сәнін үйренеміз. Ол үшін бізге:

 

Тарақ Бір резеңке Шашқа арналған аксессуар (гүл) керек. 

 

Шашты жайып, мұқият тараймыз. Шашты екіге бөлеміз. Шашты төрт өрім түрімен өруді бастаймыз. Бұл өрім түрінің жасалу жолы мына жерде. Өрімнің ұшын тарқатылып кетпеуі үшін резеңкемен байлап қойып, шаштың екінші бөлігін дәл солай етіп өреміз.  Өріп болған соң, шаштың сол жағына тағылған резеңкені алып тастап, екі өрімді қосамыз.  Ұшына жұқа резеңке тағамыз. 

Үстінен өз қалауыңызша шаш аксессуарын таға аласыз. Немесе аксессуарсыз жұқа резеңкемен де қалдыруға болады.

Шаш сәні дайын!

Модель: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: Нұрбол Нұрмаханұлы

Автор: Мейіргүл Оңғарова

Шаш өру үлгісі: Қарапайым өруді түрлендірейік

Шаш өру үлгісі: "Жүрек"

Шаш сәні: Жұқа шашқа арналған шаш өрімі