Әдетте татуировканы қыздар беліне немесе иықтарына салдырып жатады. Психолог және дәрігер мамандар оның ұсқынсыз әрі денсаулыққа зиян екенін айтады. Бірақ шашқа арналған флэш-татудың зиянды әсері жоқ.
Оны дәл қазір және келер жылдың көктем-жаз маусымында тағуға болады. Өндірушілердің сөзіне сенсек, мұндай татуировкалар шашты жұмсартып, оны тіктейді екен. Әрине, бірден он шақтысын сатып алудың қажеті жоқ, бір-екеуін алып, сынап көруге болатын сияқты.
Шаштағы алтын мен күміс — жыл сәні. Оны соңғы 2 жылда шаш сәнін жарнамалап жүрген Кайли Дженнердің суреттерінен көруге болады.
Флэш-татуды қалай қолданамыз?
1. Жапсырманы суретін төмен қаратып ұстаймыз.
2. Оны шашқа жақындатып, үстінен ылғалды мақтамен сүртеміз.
3. Қағазды алып тастаймыз.
4. Шаштағы ерекше татуировкаңыз дайын!