Шашыңызға түрлі тәжірибе істеп, ерекше сәнді етіп жинауға құмар жансыз ба? Ендеше мына ерекше өрілген шаш сәні сіздің көңіліңізден шығады. Айтпақшы, бұл шаш сәні осы маусымның нағыз трендіне айналды.
1-қадам. Шашыңыз жұмсақ, нәзік көрінуі үшін мусс пен плойка көмегімен шашыңызды шамалы бұйралаңыз. Кейін саусақтармен шашыңызды тарап, екі жақтан екі кішкентай шаш бұрымын қалдырып қойыңыз.
2-қадам. Оң жағынан шаштың бір бұрымын алып, үшке бөліңіз. Осылайша шашыңызды "французша" өріңіз. Алайда үстінен қосылынған шашты бұрымға қоспай, астыға қарай жіберіңіз.
3-қадам. Осылайша өруді желкеңізге дейін жалғастырыңыз.
4-қадам. Басқа жақтан да дәл солай. Соңында екеуін бір бұрымға қосып өріңіз. Өрілген шаштың соңын желкеңізге қысқыштар көмегімен қыстырып қойыңыз.
5-қадам. Өрілген шашты саусақтарыңызбен түзеп, шамалы көлем беріңіз.
Шаш сәні дайын!
Сурет: beautyhigh.com.