Шаш өру үлгісі: "Жүрек"

"Жүрек" атты шаш өру тәсілі ең ерекше әрі романтикалық шаш үлгісі болып табылады. "Жүректі" ұзын шашты кез келген қыз өре алады. Ендеше, кеттік! Бұл шаш үлгісін қалауыңызға қарай түрлендіре аласыз. 

Джоанна Годдард жасаған "Жүректе" көзге көрінетін шаш аксессуары қолданылмаған. 

Керек-жарақ:

3 жұқа резеңке, бірнеше шаш қыстырғыш

Шашыңызды мұқият тараңыз. Ортасынан және астынан екіге бөліңіз. 

Бөлінген бұрымды бір-біріне жақындатып кәдімгі өру әдісімен өріңіз.

Бұрымыңыз төмендегі суреттей болып өрілу керек. Енді жүректің бірінші бөлігін жасау үшін бір бұрымды алып айналдырасыз да, шаш қыстырғышпен бекітесіз. 

Осылай етіп айналдырған соң, бұрымның артық қалған бөлігін жүректің астына жіберіп, шаш қыстырғышпен жасырасыз. 

Екінші бұрымды да дәл осындай әдіспен айналдырып, екі бұрымның қосындысына резеңке тағасыз. (Қалауыңызға орай, басты суреттегідей бұрымның ұшын жіберіп тастауға да болады). 

Жүрек дайын! 

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Сурет: luntiki.ru, fchannel.ru

Шаш сәні: Жұқа шашқа арналған шаш өрімі

Шаш сәні: Қиғаш француз шаш өрімі

Шаш сәні: Төмен өрілген шаш