Аяулы қыздар! Кезекті материалымызда "Шырша" атты шаш үлгісінің өрілу тәсілдерін ұсынамыз.
Ол үшін бізге:
– Тарақ;
– Шашқа арналған 2 резіңке қажет.
1. Шашты қақ ортасынан бөлеміз.
2. Шашты екіге бөлген соң, бір өрімге шетінен шаш қосып отырып өреміз.
3. Желке тұсына жеткенше өрімге шетінен шаш қосып отырамыз.
4. Желкеден төмен қарай бір өрімді пайдаланамыз.
5. Шаштың ұшын резіңкемен буамыз.
6. Жоғарыдағы әрекетті тағы да бір рет қайталаймыз.
7. Ұшын резіңкемен бекітеміз.
8. Шаш өрімі дайын!
Шашыңыздың ұшына гүлді резіңке тағып қоюыңызға болады.
Автор: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz