Аяулы қыздар! Кезекті материалымызда "Шырша" атты шаш үлгісінің өрілу тәсілдерін ұсынамыз.
Ол үшін бізге:
– Тарақ;
– Шашқа арналған 2 резіңке қажет.
| 1. Шашты қақ ортасынан бөлеміз. | ||
| 2. Шашты екіге бөлген соң, бір өрімге шетінен шаш қосып отырып өреміз. | ||
| 3. Желке тұсына жеткенше өрімге шетінен шаш қосып отырамыз. | ||
| 4. Желкеден төмен қарай бір өрімді пайдаланамыз. | ||
| 5. Шаштың ұшын резіңкемен буамыз. | ||
| 6. Жоғарыдағы әрекетті тағы да бір рет қайталаймыз. | ||
| 7. Ұшын резіңкемен бекітеміз. | ||
| 8. Шаш өрімі дайын! |

Шашыңыздың ұшына гүлді резіңке тағып қоюыңызға болады.
Автор: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: Massaget.kz
Қ. Бүйенбай